jasqazaq.kz

Ел Үкіметі Жоғары аудиторлық палата ұсынымдарының орындалуын бюджет есебінде көрсетеді

18 маусым 2025, 12:54

Жоғары аудиторлық палата бюджет саласындағы бұзушылықтардың алдын алуда бірқатар бағыт бойынша жұмысты күшейтті. Бұл туралы Палата төрағасы Әлихан Смайылов Мәжілістің жалпы отырысында мәлімдеді.

Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 15 наурызда қол қойған жаңа Бюджет кодексінде бюджет саласындағы бұзушылықтардың алдын алуға қатысты Жоғары аудиторлық палатаның бірқатар ұсынымы ескерілгенін атап өтті.

Атап айтқанда, Үкімет республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебінде өткен қаржы кезеңіндегі Жоғары аудиторлық палата ұсынымдарының орындалу туралы ақпаратты көрсетуге міндетті деген норма қабылданды. Бұл норма бойынша ақпарат 2025 жылғы есепте көрсетілуі керек.

Сонымен қатар Жоғары аудиторлық палата әлемнің жетекші елдеріндегі есеп палаталары мен парламенттер арасындағы өзара іс-қимыл тәжірибесін талдады.
«Осыны ескере отырып, біз Парламент депутаттарына мемлекеттік аудит нәтижелерін тұрақты түрде ұсынып отыруды аса маңызды деп санаймыз. Бұл Үкімет сағаттарын өткізу кезінде, заң жобаларын қарау, талқылау және қабылдау барысында өзекті ақпаратты пайдалануға мүмкіндік береді», — деді Алихан Смайылов.

Оның айтуынша, бұл шаралар жиынтығы бюджет саласындағы бұзушылықтарды азайтып, мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

JQ-Aqparat
Сурет: gosaudit.kz

24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк
19 қантар, 13:48
Аида Балаева балаларға арналған кітаптардың жоқ екенін ашып айтты
12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?