jasqazaq.kz

Экс-шенеуніктің туысы Тайландтан есірткі трафигін ұйымдастырғаны рас па?

Бүгін, 18:51

Polites News Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Амалбек Тшановтың немере інісі Тайландтан есірткі трафигін ұйымдастырғаны үшін ұсталғаны туралы ақпарат жариялады.
БАҚ өкілдері жолдаған сауалға Алматы қаласы бойынша АФМ департаменті жауап берді. Онда Жамалбек Бақдәулет Еркінбекұлына қатысты аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын — каннабис сығындысын заңсыз иемдену және сақтау фактісі бойынша тергеу жүргізілгені айтылған.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2025 жылғы тамыз айында күдікті интернет-ресурстар арқылы шет мемлекет аумағында есірткі құралдарын өткізумен айналысатын тұлғалармен байланыс орнатқан. Аталған заттар Тайланд Корольдігінен халықаралық пошта жөнелтілімі арқылы жіберілген.
Өзінің қатыстылығын жасыру мақсатында ол кәсіпкерлік қызмет шеңберінде бұрын алынған үшінші тұлғалардың дербес деректерін пайдаланған.
2025 жылғы қыркүйек айында күдікті «Қазпошта» АҚ арқылы курьерлік жеткізуді рәсімдеп, пошта жөнелтілімін алуға әрекет жасаған, алайда Алматы қаласындағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінің жанында жөнелтілімді алу кезінде Департамент қызметкерлері тарапынан ұсталды.
Оған қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Тергеу әлі жүріп жатыр.

JQ-Aqparat

Сурет: gov.kz

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады