jasqazaq.kz

Экс-шенеунік сот үкімін тыңдап, есінен танып құлады

02 қараша 2017, 15:14

Шығыс Қазақстан облысында қылмыстық топ құрды және бюджет қаражатынан төрт миллиард теңге жымқырды деп айыпталған экс-шенеунік сот үкімін естіп, есінен танып құлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Сотталушыны қылмыстық топты басқарғаны және қызметтік бабын пайдалану, лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп табылды. Қылмыстық жолмен келген мүлкі тәркіленіп, өмірбойына мемлекеттік билік қызметінде жұмыс істеу құқығынан айырылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды», — деді судья. Судьяның осы сөздерін естіген сотталушы еденге ес-түссіз құлады. Залға дәрігерлер шақырылды. Дәрігерлер оны қарап шығып, ол инсульт алған болуы мүмкін деп дансақтау бөліміне алып кетті. Осы жағдайға қарамастан ШҚО қылмыстық істер жөнінде мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Людмила Побияха үкімді соңына дейін оқыды. Сонымен қатар, сот үкімі тағы жеті адамға шықты. Қылмысқа барған сыбайластар бес жылдан алты жылға дейін сотталды. Мүлкі тәркіленеді. Барлық сотталушылар бюджетке бір жарым миллиард теңге төлеуі тиіс. Экс-шенеуніктің қазіргі жағдайы әзірге белгісіз. Сот барысында сотталушы өз кінәсін мойындаған жоқ. Оның адвокаттары судьяның шешіміне арыз бермекші.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы