jasqazaq.kz

Экс-депутаттың баласы 22 жылға сотталды

09 сәуiр 2025, 19:57

Алматыда қылмыстық іс бойынша мамандандырылған ауданаралық сот шешімімен»Меркур Тауэрс» ТК күзетшісін асқан қатыгездікпен өлтірген Асқар Тастандиев 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, деп хабарлайды jasqazaq.kz.
Осы қайғылы оқиғаға дейін Тастандиев таныс әйелдің интим-видеосын таратқаны үшін сот отырысы жабық режимде өтті.
Былтыр наурыз айында
«Меркур Тауэрс» тұрғын үй кешенінің күзетшісі Нұрбол Қайыпбаев Тастандиевтің кешеннен шығуына (ата-анасының өтінішімен) кедергі келтірмек болған. Ашуға мінген Тастандиев оны бірнеше рет көлігімен жаншып, артынша шөлмекпен ұрып, тепкілеген. 42 жастағы Қайыпбаев ауруханада қайтыс болды. ТК тұрғындарының айтуынша, сотталушы бұрынғы депутат, прокуратурада қызмет істеген Саламғазы Тастандиевтің ұлы.
Сот Нұрбол Қайыпбаевтың жесіріне 20 млн теңге өтемақы төлеу туралы шешім шығарды. Оған қоса, Тастандиев интим-видеосын таратқан Әбілқасымоваға 4 млн теңге моральдық шығын және 1 млн 150 мың теңге шығынды қоса төлейді.
JQ-Aqparat

Бүгін, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк