jasqazaq.kz

Екі мыңға жуық азамат жеңілдетілген ипотека алуға өтініш берді

10 сәуiр, 12:05

Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жүзеге асырылып жатқан жұмыс істейтін жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасының алғашқы кезеңі аяқталуға жақын. Биыл жалға берілген пәтерлерде тұрып жатқан 2 000-нан астам жастың бес жылдық жалдау мерзімі аяқталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бағдарлама жастар үшін үлкен мүмкіндікке айналды: олар төмен бағамен пәтер жалдап, осы уақыт ішінде өз баспанасына бастапқы жарна жинай алады.

Әсіресе әлеуметтік осал санаттағы жастарға қолдау көрсету мақсатында, өңірлік деңгейде жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар аясында арнайы квота бөлінді.

«Отбасы банк» арқылы ұсынылатын жеңілдетілген несие шарттары төмендегідей:

Бастапқы жарна: 10%

Жылдық мөлшерлеме: 5%

Ең жоғары сома: 20 млн теңгеге дейін

Несиелендіру мерзімі: 19 жылға дейін

Бүгінгі күнге дейін 1 873 жас «Отбасы банк» филиалдарына жеңілдетілген ипотека алу үшін өтініш беріп үлгерді. Бұл жалпы қатысушылар санының 75%-ын құрайды.

Қала бойынша статистика:

Астана: 677 өтініш

Алматы: 708 өтініш

Шымкент: 488 өтініш

Осы қатысушылардың ішінде:

262 адам қазірдің өзінде баспана иесі атанды (Астанада – 231, Алматыда – 31)

316 жас өзіне қолайлы тұрғын үй іздеп жатыр

Өтініш қабылдау жалғасып жатыр.

Фото: ашық дереккөзден

26 желтоқсан, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр