jasqazaq.kz

Екі каналдың құрылысы қарашада аяқталады

20 тамыз 2022, 14:13

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов бүгін күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан каналдарға барып, іс барысын бақылады.

Айтып өтейік, бұған дейін “Чучмак” және “Көк” каналдарындағы күрделі жөндеу жұмыстарын кешіктірген мекемелерге 10 млн тг. көлемінде айыппұл салынған. Қазіргі кезде құрылыстың 80% бітті. Жоспар бойынша қараша айында ел игілігіне берілуі тиіс. Ол үшін қыркүйек айының 10-ынан бастап ағын судың тоқтайтынын шаруаларға алдын ала ескерту керек. Осылай деген шаһар басшысы ауылшаруашылығы және табиғат басқармасына түсіндіру жұмыстарын жіті жүргізуді тапсырды.

Бұдан соң қала әкімі “Шапырашты”, “Сай ниже водопада” каналдарының да күрделі жөндеу жұмыстары барысын көрді.
Сала мамандарына “Сай ниже водопада” каналына қойылып жатқан блоктардың сапа сертификатын тексеріп қабылдауды тапсырды. Әзірге мұнда істің 20% атқарылған. Нысан келесі жылға өтпелі.

Шымкентте жалпы 34 канал бар. Оның ішінде 27 канал ауылшаруашылығы бағытында қолданылса, 7-і ирригациялық мақсатта пайдаланылып отыр.

Қазіргі сәтте ұзындығы 57,2 шақырымды құрайтын 5 каналды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Соның екеуі өткен жылдан өтпелі болса, үшеуіне күрделі жөндеу жұмыстары осы жылы басталған. Каналдардың құрылысы аяқталғанда су өткізу қабілеттілігі ұлғайып, жаңадан 1700 гектар егіс алқабы игеріледі.

Қала әкімі аралау барысында қала үшін каналдардың маңыздылығына тоқталып, мердігерлерге жұмыстың сапасына мән беруді тапсырды.

–Каналдар калаға ауылшаруашылық үшін су жеткізудің негізгі көзі болғандықтан оларды күтіп ұстау мен тиімді пайдалану аса маңызды. Жөндеуден өткен каналдардың су өткізу қабілеті де жоғарылайды. Бұл өз кезегінде шаруалардың дәнді-дақылдар мен көгөніс және мал азықтық өнімдерін жетілдіруге мүмкіндігі мол болады. Сондықтан құрылыс барысында бетондаудың технологиялық талаптарын сақтап, құрылыс жұмыстар өз мерзімінде аяқталуы тиіс, -деді қала әкімі.

Сонымен бірге, қала аумағында 2027 жылға дейін 27 каналды қалпына келтіру жұмыстары атқарылып, тағы 5 мың гектар егістік жерді айналымға қосу жоспарланған.

Тоқтар Жақаш

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті