Екі елге ортақ ерлік

25 қараша 2016, 16:03

Алматыда «28 панфиловшы» көркем фильмінің тұсаукесері өтті. Бұл туындыны «28 панфиловшы» тәуелсіз студиясы түсірген. Еліміздің мәдениет және спорт министрлігі мен Ресейдің мәдениет министрлігі де атсалысқан. Ал оңтүстік астанамызда өткен фильмнің тұсаукесерін Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы ұйымдастырды.

poster-kaz

Естеріңізде болса, даңқты ерлік туралы фильмді қазан айында Астанада өткен екі мемлекеттің аймақаралық ынтымақтастық форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин көрген болатын. Екі елдің басшылары Алма-Ата қаласында құрылған және қарсыластардың танктеріне Мәскеуге кіруге жол бермеген дивизияның ерлігі өскелең ұрпақтың есінде мәңгілікке сақталуы міндетті деген пікір білдірді.
«28 панфиловшы» – 1941 жылдың қарашасында Волоколамск тас жолында неміс әскеріне төтеп берген панфилов дивизиясының атқыштар ротасы жауынгерлерінің жасаған ерлігі бейнеленген көркем фильм. Бұл туынды рухы биік қарапайым әскерге арналған ескерткіш.
Фильмдегі оқиға 1941 жылдың күзінде болған. Жазбаша дерек бойынша 1941 жылдың 16 қарашасында генерал И.Панфилов қолбасшылық еткен 316-шы атқыштар дивизиясының 28 сарбазы Дубосеково разъезін қорғап, Мәскеуге бет алған немістің танк батальонын тоқтатады. Сюжет толығымен кеңес сарбаздарының ерлігіне арналған.
Режиссері Андрей Шальопа «28 панфиловшының аңызға айналған даңқты ерлігі – барлығымызға ортақ тарих қана емес, сонымен қатар ортақ ұлттық мақтанышымыз. Тіпті қанымызға сіңіп кеткен ұлттық код десем, артық айтпаған болар едім», – деді.
Айта кетейік, генерал Панфиловтың 316-шы атқыштар дивизиясының 28 жауынгері туралы түсірілген фильмнің негізгі сомасын краудфандинг арқылы жинаған. Қаржыны жинауға 35 мыңнан астам адам қатысып, 34,7 миллион рубль түскен. Сондықтан да фильм «халықтық кино» аталып отыр. Сондай-ақ фильм бюджетінің үштен бірін Қазақстан және Ресей мәдениет министрліктері бөлген. Жалпы жұмсалған қаражат 150 миллион рубльді құрайды.

7f907-clip-61kb
Фильмнің Волоколамск қаласында (Ресей) өткен тұсаукесері барысында Ресей Федерациясының мәдениет министрі Владимир Мединский «Бұл миллиондаған кеңес жауынгерлері ерлігінің айқын дәлелі. Батырлардың Жеңіс жолында қанша күш жұмсағанын түсіну біз үшін құпия болып қалады. Фильм тұсаукесерінің Волоколамскта өтуі ерекше жағдай. Бұл фильмнің жүзеге асуына ештеңеге қарамастан, атсалысқандардың барлығына алғысымды білдіремін. Бірінші кезекте фильмнің түсіріліміне жеке қаражаттарын қосқан азаматтар. Олардың бірлескен қолдауларының нәтижесінде 35 миллион рубль жинақталды», – деді.
Еліміздің мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ресейлік әріптесінің пікірін қолдады. Туындының Алматыда өткен тұсаукесері кезінде ол панфиловшылардың ерлігі кеңес халқының фашисттік әскерлерге қарсы күресінде тарихи оқиға болғандығына назар аударды.

3
А.Мұхамедиұлы «Алматыда құрылған «Панфилов» дивизиясы Кеңес Одағының астанасы Мәскеу қаласын қорғады. Бұл барша адамзат тарихындағы тарихи оқиға болды. Қарсыластардың басым болғандығына қарамастан, панфиловшылар фашистердің жеңілмейтіндігі туралы жалған пікірді бұза отырып, астананы қорғап қалды. Біз олардың ерлігін ешқашан да ұмытпауымыз керек. Олардың ерлігі туралы тарихты да өскелең ұрпаққа жеткізу – біздің міндетіміз», – деді.
Туындының түсірілімі екі мемлекеттің аумағында жүргізілді. Қысқы көріністер Санкт-Петербор пен Иваново төңірегінде түсірілген. Соңғы кадрларда Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ көрсетіледі.
Еске салып кетсек, 16 қараша Дубосеково разъезінде болған шайқастың 75 жылдығы күні фильмде көрініс тапқан Волоколамскінің өзінде өтті. Ресей бойынша кең көрсетілімге фильм 24 қарашадан бастап шығады.

Айнұр Исаева

17 шiлде, 19:00
Ұлы мұрат - тәуелсіздік
16 шiлде, 11:51
Құнанбай Мұсаев: Соттың бар шаруасы жаппай айдатып, қамай беру емес
15 шiлде, 14:02
«Ұстанған діндеріміз, жолдарымыз бір-бірімізге дұшпан етпеуі керек».
12 шiлде, 12:18
Жанар Қалабаева: Медиациялық мәмілені жүзеге асырғанда екі тараптың да құқығы шектелмеуі керек  
11 шiлде, 15:51
Түркістан: Сауран ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүріп жатыр
10 шiлде, 13:25
Түркістан: Жедел-профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр
10 шiлде, 13:21
Түркістан: Тәртіп сақшылары қауіпсіз қоғам қалыптастыру жолында
09 шiлде, 15:12
Түркістан: Полиция заң мен тәртіпті бұзғандарды құрықтайды
09 шiлде, 12:20
Түркістан: Тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілуде