jasqazaq.kz

Алматыда екі ай бұрын жоғалып кеткен қыздың денесі сөмкеден табылды (Видео)

05 ақпан, 9:31

Сурет: Видеодан скрин

Екі айдан аса іздестірілген 26 жастағы қыздың мәйіті Алматыдағы Кеңсай зираты маңынан табылды. Марқұм Айша Хамитті өзі жақын араласып келген жігіті пәтерде қылқындырып, қылмысын жасыру үшін денесін айдалаға апарып тастаған, — деп хабарайды jasqazaq.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

азір полицейлер 19 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Қаскөй кінәсін толық мойындаған, тіпті қызды мәжбүрлеп несие алғызғанын да растапты. КТК тілшісі марқұмның жерлеу рәсіміне барып, туыстарымен тілдесіп қайтты.

26 жастағы Айша Хамиттің қазазы бүкіл Қырбалтабай ауылы тұрғындарының қабырғасын қайыстырды. Дүйім жұрт таң атысымен марқұмды ақтық сапарға шығарып салуға жиналды. Айша Хамит былтыр қарашада үйінен туған күн кешіне барамын деп шығып, сол күйі оралмаған. Десе де оның телефонынан жақындарының хатына жауап келіп отырыпты.

Әсия Хамит, марқұмның әпкесі: — 19 жастағы бала екен. Есімі Нұрмахан деген қанішер. Кредит алдыртқан ол, кредиттің сомасы да үлкен. Екі миллионнан асу керек, біздің білуіміз бойынша. Қайтармаймын дегеннен кейін, Айша айтқан: «ата-анама айтамын, полицияға арызданамын». Бұл сол жерде, пәтерде өлтірген.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі: — Адам өлтіру дерегі бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Болған қылмыстың басқа да мән-жайы анықталып жатыр. Ал марқұмның денесінде зорлық белгілері болған-болмағанын енді сот-медициналық сараптасы анықтамақ. Қара жамылған отбасы қылмыс жасаған сыбайластары да табылып, қаскөйлер лайық жазасын алар деген үмітпен отыр.

12 қараша, 13:39
Алматының Бостандық ауданында жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын
11 қараша, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді
10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған
30 қазан, 15:25
Меруерт Ибраева: Қазақстан индустриясы жасанды интеллект дәуіріне қадам басты
30 қазан, 15:09
Қанат Қайыпбек: Жаңа Салық кодексі Түркістан кәсіпкерлеріне оңтайлы жеңілдіктер ұсынады
30 қазан, 11:54
АҚШ пен Венесуэла: соғыс бола ма, болмай ма?