jasqazaq.kz

Египетте лаңкестер бейбіт халықты қуып жүріп атқылаған

27 қараша 2017, 15:05

Жұма күні Синай түбегінде болған зұлмат терактке байланысты Египетте аза тұту күні жарияланды. Мешітке жасалған шабуыл салдарынан жүздеген адам қаза тапқан еді. Қайғылы жаңдай араб мемлекеті мен көрші Израильге қалай әсер етеді? Бұл туралы Хабар 24 хабарлады.

Египетте болған қайғылы оқиға барысында мешіттің имамы аман қалған. Қазір ол зардап шеккендермен бірге емханада жатыр. Жантүршігерлік оқиғаны көзімен көрген дін өкілі бар білгенін тілшілерге баяндап берді. Мохаммед Абдельфатах, Эр-Роуда мешітінің имамы: — Тұғырнамаға көтерілген соң екі минуттан кейін жарылыстың дыбысына ұқсайтын шуды естідім. Мешітке бір адамдар баса көктеп кіріп келді де адамдарды ата бастады. Қару дауысын естігендер жан-жаққа қашты. Ал шабуыл жасаушылар оларды қуып, аман қалғандарына оқ жаудырды. Алдымен лаңкестер мешітті жарылғыш затпен қиратты. Сонан соң байбаламға салынған халыққа қаныпезерлер аяусыз оқ жаудыра бастаған. Салдарынан қаза тапқандардың саны үш жүзден асып жығылады. Жапа шеккендердің арасында балалар да бар. Ясин Тахер, Исмаилия қаласының мэрі: — Жараланғандардың жартысын Каирға, қалғандарын жақын жердегі емханаларға жеткіздік. 90-ға жуық зардап шеккендердің жағдайы қалыпты. Қажетті операция жасау үшін төрттен бір бөлігін Каирге жібердік. Мысырдағы содырлардың мақсаты жұма намазына дөп түсу еді. Себебі оған отбасы мүшелерінің дені жаппай баратыны белгілі. Қасқөйлер беделді деп танылған Савактың бедуиндік топ өкілдері тұратын ауылды нысанға алған. Олар жақында ғана Каир билігімен бірігіп, терроризммен күресетін одақ құрған болатын. Ксения Светлова, арабтанушы: — Бүгінде көбісі терактіні ТГИЛ-дің осы тайпаға қарсы кегі деп есептейді. Дегенмен, бұл Египеттің қауіпсіздік күштерін жауапкершіліктен босата алмайды. Өшпенділіктің, осындай қауіптің бар екенін біле тұра мешіттегі адамдарды қорғау үшін ешқандай әрекет жасамаған. Каир бірнеше сағаттан соң мешіттің жанына ауадан жасалған соққы арқылы 15 содырдың көзін жойғанын мәлімдеді. Елде аза тұту күні жарияланды. Египеттің билігі террористтермен күресе алмай келеді. Күннен күнге шабуылдар саны артып, зардап шеккен әскерилер көбейіп келеді. Тіпті Синай түбегінде енгізілген ауыр бронетехника да тиісті нәтижесін бермесе керек. Екі ел арасындағы бейбітшілік шарты бойынша қатаң тыйым салынған тарап екендігіне қарамастан, Тель-Авив Каирге Синай түбегіне қосымша әскер, танктер мен артиллерия әкелуге рұқсат берген. Себебі Израиль Мысырда лаңкестерге қарсы тойтарыс беру үшін толық мүмкіндік бермесе, олармен өздері күресуге мәжбүр болатынынан хабардар.

 

Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады