jasqazaq.kz

Эфирде жылап, оралуын сұраған актердің бұрынғы әйелі мәлімдеме жасады

27 қантар 2025, 9:49

Актер Нұрсұлтан Жақсыген өткенде бағдарлама кезінде жылап, әйелінің оралуын сұраған болатын. Экс жұбайы Фариза Алмазқызы әлеуметтік желіде осыған пікірін білдіріп, қайта қосылмайтынын айтты.

«Нұрсұлтанның сұхбатын, видеоларын, стористарын жібермеген адам жоқ шығар, бәрін көрдім, Астанаға келді, кешірім сұрады, балаларын көрді. Қайта қосылмаймыз! Нұрсұлтанды кешірдім! Өзім үшін, ішімдегіні жіберу үшін. Бірақ артқа жол жоқ! Қайта бірге бола алмаймыз. Әркім өз жолымен кетті! Қосылыңдар деп артық әңгіме айтпаңыздар! Әркімнің ақылы өзіне!», — деп жазды ол.

Фариза Алмазқызы осыған байланысты амал жоқтан осыған байланысты пікір білдіргенін айтты.

«Қанша уақыт өтті. Негізі үндемей қоя салайын деп едім, барлық жерге шығып кеткеннен кейін шықпасқа амал болмады. Иә, бүкіл халықтың алдында да кешірім сұрады, өзімнен де кешірім сұрады. Мен кешірдім! Бірақ қайта бірге болмаймыз, өткенді айта берудің қажеті жоқ. Осымен бұл тақырып жабылсын. енді сұрамаңыздар. Бәрі бітті! Қайта қозғай бергеннен пайда жоқ», — деп жазды ол.

28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк