jasqazaq.kz

Еділ Жаңбыршин сырттан қаржы алатындарды тексеруді талап етті

02 сәуiр 2025, 15:03

«Сырттан келетін қаржы экономиканы дамытуға құйылатын инвестиция болса, экология мен денсаулық сақтау саласын жақсартуға бағытталса, онда жол ашық. Егер ішкі саясатымызға қарсы, ұлттық дүниетанымымызға жат, тұрақтылығымызды шайқайтын жобаларды қаржыландырса, онда ондай ұйымдарға жолды жабу керек».

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Үкіметке жолдаған сауалында еліміздің ішкі саясатына араласып жүрген гранталғыштарға тосқауыл қою жөнінде ұсыныс айтты, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Соңғы он жылда еліміздің ішкі саясатына ықпал ету үшін USAID-тен 150 млн доллардан астам қаражат бөлінгенін еске салған Е.Жаңбыршин: «Бізде шетелдік грант «емізігіне» отырып алған кейбір, тағы да айтам, кейбір үкіметтік емес ұйымдар көбінесе түймедейді түйедей қылып, негативті теріп-жинап, кураторларына өтірік есеп беріп, «ойбай, бұл елде адам құқығы тапталған», «сөз бостандығы шектелген», «сіздер араласпасаңыздар, құрдымға кетудің алдында тұрмыз» деп байбалам салады. Тіпті біздегі жағдайды дамымай қалған үшінші мемлекеттермен негізсіз, дәлел-дәйексіз теңестіреді. Оларға Қазақстанның жақсарғаны емес, шайқалғаны пайдалы. Себебі өздерінің жеке басының пайдасына, яғни «гуманитарлық бизнестеріне» қаржы керек», — деді.
Депутаттық сауалында ол қаржы министрлігі мен тиісті мемлекеттік органдарды іске қосып, еліміздің ішкі саясатына араласуды көздейтін сырттан құйылған қаржыны анықтап, тиісті шара қабылдануы туралы ұсыныс айтты.

JQ-Aqparat

Фото: Aikyn.kz

28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк