jasqazaq.kz

«Дұрыс болмады». Азат Перуашев «Штрафстан» деген сөзі үшін кешірім сұрады

29 қантар 2025, 13:52

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында: «Біздің азаматтар, олардың ішінде шоу-бизнес өкілдері, өзін-өзі «қоғам белсендісі» санайтын жастар, тіпті депутаттар да бар, Қазақстанға неше түрлі лақап ат қоятын болды. Бұл енді мүлдем түсініксіз, ақылға сыймайтын нәрсе», — деді.

Сондай лақап ат қойған депутаттың бірі — Азат Перуашев.

Жуырда ол: «Шенеунік мырзалар, сіздер үшін мен ұялып отырмын. Бір рет болса да жылы кеңселерден шығып, кәсіпкердің немесе тұтынушының орнына барып тұрып көріңіздер. Сіздер әлдебір «Штрафстанды» құрып жатырсыздар, — деген еді.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысынан кейін журналистер сұрағына жауап берген ол: «Иә, мен Президентпен толықтай келісемін. Расында да біз өз елімізді, мемлекетімізді сыйлауымыз керек. Әсіресе, шетелдік инвесторлар мен туристерді шақырғанда елімізді жамандау үшін шақырып отырған жоқпыз ғой. Сондықтан Президенттің сөзі өте орынды. Өте дұрыс. Әрі қарай да сол жолдан таймауымыз керек. Парламентте сөз сөйлеген кезде біз ресми тілді қолдануға міндеттіміз. Сондықтан сабақ болсын. Менің ол терминді пайдаланғаным дұрыс болмады. Оны мойындап отырмын. Ал негізгі көзқарасым сол баяғыдай», — деп ақталды.

JQ-Aqparat
Фото: akzhol.kz

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады