jasqazaq.kz

Дубай мен Дохаға рейстер уақытша тоқтатылды

24 маусым, 12:51

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне сәйкес қазақстандық әуе компаниялары рейстерінің уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды jasqazaq.kz көлік министрлігіне сілтеме жасап.

2025 жылғы 24 маусым күнгі жағдай бойынша Таяу Шығыстағы әскери-саяси ахуалдың күрт шиеленісуіне байланысты бірқатар елде ресми түрде шектеулер енгізіліп, азаматтық авиацияға арналған әуе кеңістіктері жабылды. Мәжбүрлі шаралар
қаруды қолдану қаупі, навигациялық жүйелердің дұрыс жұмыс істемеуі, әуе қорғанысы жүйелерінің белсенділігі және азаматтық әуе кемелерінің ұшуы үшін жоғары тәуекелдерге байланысты қабылданды.
Соңғы мәліметке сәйкес, шектеулер келесі елдерде қолданылады:
* Израиль әуе кеңістігі толық жабық;
* Иран әуе кеңістігі толық жабық (оның ішінде Парсы және Оман шығанақтары);
* Ирак, Иордания, Ливан — зымыран мен дрон шабуыл қаупіне сәйкес ұшуларды уақытша шектеу;
* Кувейт, Бахрейн, БАӘ — рейстерді шектеу және тоқтату, ішінара қақтығыс аймағына жақын маршруттарды бұғаттау.
Ірі халықаралық авиатасымалдаушылар да рейстерді уақытша тоқтатты. Олардың қатарында Air France-KLM, United, American Airlines, Japan Airlines, Air Canada
Дубай, Доха және Эр-Риядқа ұшуды тоқтатты. Qatar Airways ұшу кестесін реттейді. Etihad ресми ескерту жасады. Emirates қақтығыс аймағын айналып,
ұшуды жалғастыруда.
Осыған байланысты отандық әуе компаниялары да қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Дубай мен Доха қалаларына бірқатар рейсті уақытша тоқтатты.
Қазіргі мәлімет бойынша, елімізден шетелге шықпақшы адам саны — 683 болса, шетелден елге оралатын адам саны — 1051 адам. Жалпы алғанда бұл жағдай 1 734 жолаушыға әсер етті.
Қазақстандық авиакомпаниялардың
Парсы шығанағы елдеріне ұшуға бағытталған рейстерді тоқтата тұруы аймақтағы әскери-саяси жағдайдың күрт шиеленісуіне негізделген мәжбүрлі шара.
Әуе компаниялары қабылдаған шешім халықаралық тәжірибеге сәйкес қабылданды. Басты мақсат — жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жолаушылар ыстық тамақпен, қонақ үй және трансфермен қамтамасыз етілді.
Тоқтатылған немесе кейінге шегерілген рейстер бойынша жолаушылар тегін қайта бронь қоя алады немесе әуе билеттерінің құнын толық қайтарып ала алады.

Көлік министрлігі авиакомпаниялармен бірлесіп жағдайды жіті бақылауда, қажет болған жағдайда жедел шешім қабылдап, кестені қайта қарау жұмысы жүргізілетінін мәлімдеді.
Аталған рейстер жағдай тұрақталған соң жүзеге асырыла бастайды.

JQ-Aqparat

Бүгін, 15:06
Түркістан: импорт азайып, экспортты ұлғайтуға мүмкіндік бар
30 маусым, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
30 маусым, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
30 маусым, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр