jasqazaq.kz

Допинг дауына қатысты министрліктің мәлімдемесі

30 қазан 2016, 10:53

1344486203_yra_0112

Мәдениет және спорт министрлігінің 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиада ойындарына қатысқан қазақстандық спортшыларға қатысты жаза қолданылғандығы туралы ресми хабарлама бойынша мәлімдеме жасады, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтында.
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті Халықаралық Олимпиадалық комитеті тарапынан ағзаларынан тыйым салынған препараттардың ізі табылған 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиада ойындарына қатысқан қазақстандық спортшыларға қатысты жаза қолданылғандығы туралы ресми хабарлама алды»,-делінген министрлік таратқан мәліметтерде.

Аталмыш ақпарат Халықаралық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтында да жарияланды. Халықаралық Олимпиадалық комитетінің тәртіптік комиссиясы 2008 жылы Бейжің Олимпиадасына қатысқан спортшылардың «А» және «В» допинг сынамаларын қосымша тексеру қорытындысы бойынша қазақстандық еркін күрес палуаны, күміс жүлдегер Таймураз Тигиевті сол ойындардан шеттеттіп, көрсеткен нәтижелерінің күшін жойып, наградаларын қайтарып алу туралы шешім шығарды.

2012 жылы Лондон Олимпиадасына қатысқан спортшылардың сынамаларын тексеру қорытындысы бойынша тәртіптік комиссия қазақстандық ауыр атлеттер Светлана Подобедова, Зульфия Чиншанло, Майя Манезаны сол Ойындардан шеттетті. Сонымен қатар, комиссия спортшылардың нәтижелерінің күшін жойып, наградаларын қайтарып алу туралы шешім шығарды.

stan.kz

Бүгін, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету