jasqazaq.kz

Дональд Трамп Солтүстік Кореяны келіссөзге шақырды

09 қараша 2017, 10:58

Азия елдеріне ат басын бұрған АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея басшылығын бір үстел басында отырып, келіссөз жүргізуге шақырды, деп хабарлайды 24.kz.

Ақ үй басшысы мұндай мәлімдемені Оңтүстік Кореяда өткізген баспасөз конференциясында айтты.

Президент бітімге келудің бір Пхеньян үшін емес, жалпы адамзат атаулыға маңызды екенін атап өтті. Айта кетейік, Дональд Трамп бұған дейін Солтүстік Кореямен келіссөздер жүргізу уақытты бос өткізумен тең деген болатын. Бірақ әлемдік басылымдар оның өз ұстанымын өзгерткенін хабарлады. Жалпы Ақ үй басшысы осы сапарында Азиядағы бес мемлекетке барады деп жоспарланған.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

– Мен жер бетінде ядролық қару қолданылмаса екен деп тілеумен келемін және одан үмітім зор. Адамзат баласының болашағы үшін Солтүстік Кореямен бейбіт мәмілеге келуіміз керек. Әрі бұл тұрғыда жағымды үдерістер болады деп сенемін.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы