jasqazaq.kz

Днепрде алаяқтардың call-орталықтары жойылды

01 сәуiр, 19:08

Еліміздің ішкі істер министрлігі Украина Ұлттық полициясының Қылмыстық іздестіру департаменті мен екі елдің Бас прокуратураларымен бірлесіп жүргізген ауқымды арнайы операция нәтижесінде Украина аумағында әрекет еткен трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың call-орталықтарының қызметі тоқтатылды, — деп хабарлайды jasqazaq.kz.
Polisia.kz мәліметінше, 31 наурызда Днепр қаласында жүйелі түрде Қазақстан, Украина және Еуропалық одақ елдерінің азаматтарына қатысты интернет-алаяқтық жасаған үш call-орталықтың қызметіне тосқауыл қойылды.
Қылмыстық ұйымның ұзақ уақыт бойы жалған инвестициялық компаниялардың қызметкерлері ретінде әрекет еткені анықталды. Қаскөйлер жәбірленушілерді алдап, олардың құпия деректеріне, жеке кабинеттері мен банк шоттарына қол жеткізіп, нәтижесінде ақшалары мен цифрлық активтерін иемденген. Сонымен қатар романтикалық схемалар түріндегі тәсілдер арқылы, сондай-ақ криптовалютаға жалған инвестиция ұсыну арқылы жасалған алаяқтық фактілері анықталды. Қылмыстық әрекеттерді жүзеге асыру үшін танымал инвестициялық платформалар мен криптобиржаларды имитациялайтын фишингтік интернет-ресурстар пайдаланылған. Бұл өз кезегінде алаяқтарға жәбірленушілердің активтерін толық бақылауға алуға мүмкіндік берген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың ұйымдастырушылары мен барлық белсенді қатысушы анықталды. Днепр қаласында бір мезетте 40 мекенжай бойынша тінту жүргізілді.
Соның нәтижесінде 53 Украина азаматы ұсталды, олардың ішінде сегіз негізгі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қалған қатысушылар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Алдын ала мәліметтер бойынша, тінту кезінде 100 мың АҚШ доллары, 90 компьютерлік техника, 125 смартфон, 6 элиталық автокөлік, сондай-ақ атыс қаруына ұқсас зат тәркіленді. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта украиналық әріптестермен тығыз өзара іс-қимыл барысында қылмыстық әрекеттің барлық эпизодын анықтау, қосымша қатысушыларды әшкерелеу және азаматтарға келтірілген жалпы залал көлемін нақтылау бағытында тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.
JQ-Aqparat
Сурет: polisia.kz

31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам
31 наурыз, 14:23
Есірткі кеселімен күрес – ортақ міндет
31 наурыз, 14:14
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту – басым бағыттың бірі
30 наурыз, 16:02
Күрежолды дамытудағы жаңа бағыт
29 наурыз, 12:17
Көмір генерациясы – өңірлердің даму драйвері
27 наурыз, 20:32
Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр