jasqazaq.kz

Дияс Нұрақын Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы болды

16 ақпан, 11:24

 Алматы облысы әкімінің бұйрығымен облыс әкімі баспасөз қызметінің басшысы – баспасөз хатшысы болып Дияс Нұрақын тағайындалды.

Дияс Ермекұлы — Алматы облысы Кеген ауданының тумасы, 1987 жылы дүниеге келген.

2004-2008 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін тәмамдаған.

2008-2010 жылдары Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті экономика факультетінде білім алған.

Еңбек жолын 2006-2007 жылдары МИР мемлекетаралық телеарнасында аудармашы-редактор ретінде бастаған.

2007-2008 жылдары КТК телеарнасында «Репортер», «Алаң жұрт» бағдарламаларында редактор қызметін атқарды.

2008-2009 жылдары республикалық «Жас қазақ» газетінде арнаулы тілші болды.

2009-2015 жылдары Жетінші арна жаңалықтар қызметінде тілші болып еңбек етті.

2015-2016 жылдары КТК телеарнасының жаңалықтар тілшісі, «Аптап» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының шығарушы редакторы қызметтерін атқарды.

2016 жылдан бастап осы телеарнаның жаңалықтар қызметі аймақтар қосынының редакторы болып жұмыс істеді.

БАҚ саласы бойынша Президент грантының иегері.

13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес