jasqazaq.kz

Динара Зәкиева: халықаралық қауымдастықты балаларды және олардың болашағын сақтау үшін диалогқа шақырамыз

Бүгін, 14:14

Еліміздің бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева Иранға жасалған әуе соққысынан балалардың зардап шегіп жатқанына алаңдаушылық білдірді. Ол өзінің Facebook парақшасында былай деп жазды:
«Кеше Иранда қыздарға арналған мектепке жасалған әуе соққысы салдарынан ондаған бала қаза тауып, көптеген бала жарақат алды.
Біз құқық қорғау саласындағы әріптестерімізбен бірге бұл қасіретті оқиғаға қатты күйзелдік.
Мектептер — «бейбіт аймақтар», ал білім беру мекемелеріне жасалған шабуыл халықаралық құқықтың бұзылуы болып табылады.
Балалар — кез келген қақтығыста ең осал топ. Олар соғысты таңдаған жоқ, саяси шешімдер қабылдамайды және ересектердің әрекеттері үшін жауапты емес. Алайда ең ауыр зардапты дәл солар шегеді. Балалар жапа шекпеуі, қорқыныш сезінбеуі тиіс.
Қазақстан әрдайым келіспеушіліктерді бейбіт жолмен, келіссөздер арқылы, бейбітшілік, тұрақтылық және қауіпсіздік жолында реттеуді қолдап келеді.
Біз халықаралық қауымдастықты балаларды және олардың болашағын сақтау үшін диалогқа шақырамыз.
Біздің ортақ міндетіміз — балаларға тыныш әрі ашық аспан астында өмір сүру құқығын қайтару.
Бейбітшілік — әрбір баланың құқығы.
Минаб қаласындағы мектепте қаза тапқан балалардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамыз».
JQ-Aqparat

Сурет: SNN бейнежазбасынан

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады