Динара Зәкиева: бір жарым айдың ішінде 400 жеке өтініш бойынша жұмыс жүргізілді

24 шiлде 2023, 12:02

 

Премьер-Министрдің орынбасары-еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова орталық және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева көтерген мәселелер бойынша кеңес өткізді.

Вице-премьер мемлекеттік органдардың бала құқықтары жөніндегі уәкілмен бірлескен жұмысын үйлестіру мен бірыңғай тәсілдің маңыздылығын атап өтті.

Д. Зәкиеваның әрбір ұсынысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берді.

Осы орайда Динара Зәкиева өзінің Фейсбук парақшасында былай деп жазды:

«Құрметті достар, ағымдағы ай бойы Премьер-Министрдің орынбасары Т. Дүйсенова және мемлекеттік органдардың барлығымен Мемлекет басшысының балалық шақ саласындағы тапсырмаларын іске асыру бойынша жұмыс істеп келеміз.

Негізгі бағыттар – профилактика жүйесін және көмек құралдарын құруды, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстар бойынша заңнамаға өзгерістер енгізуді және балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету; ерекше қажеттіліктері бар балалар мен ауылдық жерлерде тұратын балаларға арналған инфрақұрылым құру.

Сонымен қатар, бұл және басқа да міндеттермен өңірлерде жұмыс істей бастадық. Жалпы алғанда, бір жарым айдың ішінде 4 аймаққа барып келдім. Енді күзде ҮЕҰ-мен, өңірлік БҚУ-дермен үлкен талқылау өткізуді жоспарлап отырмыз. Өңірлерге ұзағырақ мерзімге барып, аудан орталықтары мен ауылдарда жұмыс істейміз.

Түрлі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, ата-аналармен көтерілетін мәселелер мен өтініштер бойынша үнемі кездесулер өткізіп жүрміз. Сондай-ақ, бір жарым айдың ішінде 400 жеке өтініш бойынша жұмыс жүргізілді – бұл емдеу мәселелері, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, зорлық-зомбылыққа қатысты және т. б.».

JQ-Aqparat

 

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды