Динара Зәкиева: Бейбіт Шүменов тағы бір бап бойынша жауапқа тартылуы тиіс

13 шiлде 2023, 21:28

Еліміздегі Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Instagram-дағы парақшасында елордалық сауда орталығында боксшы Бейбіт Шүменовтің қолында баласы бар ер адамды ұрып-соққанына байланысты Ішкі істер министрлігіне жүгінгенін хабарлады.
«Ішкі істер министріне қылмыстық әрекет жасаған тұлғаның өз іс-әрекетімен жәбірленушінің қолында болған баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргенін ескеру қажеттігі бойынша жүгіндім. Баланың қауіпсіздігіне қауіп төну фактісі әлеуметтік желілерде жарияланған бейнекадрлармен расталады», — деп жазды Динара Зәкиева. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл бұл жағдайда Шүменовті Қылмыстық кодекстің 115-бабы «Қорқыту» бойынша жауапкершілікке тарту қажет деп санайды. «Қолданыстағы заңнамада баланың қауіпсіздігі мен денсаулығына қауіп төнетін жағдай туғызғаны үшін жауапкершілікке тартатын бап жоқ. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнамаға дайындалған түзетулер блогына тиісті ұсыныс енгізетін боламын. Жалпы біз, ересек адамдар кез келген жағдайда балалар туралы ойлауымыз керек деп санаймын», — деді Динара Зәкиева. Айта кетейік, Астанададағы сауда орталығында бокстан экс-әлем чемпионы Бейбіт Шүменов қолында баласы бар адамды ұрып-соққанын жазған едік.

JQ-Aqparat

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды