jasqazaq.kz

Димаштың чилилік жанкүйерлері Қазақстан халқының құрметіне музыкалық туынды арнады

24 қараша 2022, 16:09

Бразилия астанасы Бразилиада өткен қазақ жазушысы, драматург, ғалым Мұхтар Әуезовке арналған конференцияда Димаш Құдайбергеннің чилилік жанкүйерлері белсенділік танытты. Бұл туралы ҚазАқпарат dimashnews.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған іс-шара 16 қарашада өткен. Конференция барысында қазақ тілі пәнінің оқытушысы, түркітану факультетінің аспиранты Марсиа Кастро барша қатысушыларға жазушының өмір жолы мен әйгілі «Абай жолы» романы туралы мағлұмат берді.

Шараны ұйымдастырушылар «Қазақстан-Чили достығы қоғамы» құрылғанын ресми түрде жариялады. Бұл туралы бұған дейін Қазақстанның Чилидегі Елшісі Болат Нүсіпов мәлімдеген. Чилилік жанкүйерлер өздерінің ұлттық биін – музыкасы мен мәтіні осы маңызды оқиғаға арнайы жазылған куэканы ұсынды.

«Димаш әрқашан бүкіл әлемнен Dears-ты Қазақстанға қонаққа шақырады, сондықтан біздің «Қазақстан – батыл халық» атты куэкамыз (ұлттық би) Чилидің барлық жанкүйерлері үшін маңызды оқиға болды. Бұл қуэка біздің сүйікті орындаушымыздың Отанына бір күні бару деген асыл арманымызға бұрынғыдан да жақындағанымызды сезіндіреді», — дейді жоба авторлары Клаудия Лобос пен Кармен Сандовал.

06 мамыр, 13:50
Алматыда Tabiğat Labs-тың жаңа маусымы басталды
05 мамыр, 16:31
Телефон алаяқтарының арбауына түскен 25 жастағы жігіттің оқиғасы: “Бәрі бір қоңыраудан басталды…”
04 мамыр, 21:28
Ғибратты ғұмырдың жетпіс жетінші көктемі
02 мамыр, 15:32
“Эстрада 100 пайыз қазақыланды”. Қыдырәлі Болманов эстрададағы құпиясымен бөлісті (Видео)
30 сәуiр, 13:50
Алмасбек Нұғыман: Парламенттің қуатты болуы – халықтың қолдауынан
28 сәуiр, 14:24
Сары атлас көйлек
24 сәуiр, 14:22
Талғат Байеділов: Халық үніне әрдайым құлақ асамыз
24 сәуiр, 11:46
Сүтпен шай – дәстүр ме, әлде денсаулыққа қауіп пе?
16 сәуiр, 12:17
II Орталық Азия медиафорумы - ақпараттық ынтымақтастыққа арналған бірегей алаң