Димаштың дауысына тәнті болған жанкүйер, қазақ тілін үйренгісі келеді (видео)

27 наурыз 2017, 14:12

Француз жанкүйері Димаш Құдайбергенге видеоүндеу жасап, «Дайдидау» әнін орындады. Францияның Реюньон аралында тұратын Кларис есімді әйел қазақстандық әншінің дарынына тәнті болғаны жайлы айтып берді.

«Сіз жайлы және дарыныңыз туралы ойларымды бөлісу мүмкіндігі туып тұр, мен тәнтімін. Осындай үнсіз кепке түсіретін дарын туралы не айтуға болады? Мұны сипаттау үшін қандай сөз бен ұсыныстар керек? Біреудің сізді даусыңызбен-ақ соғысты тоқтата алатыныңыз жайлы айтқанын естіп едім, осы сөзбен-ақ барлығын түсіне беруге болады. Сіздің даусыңызды естігеннен кейін көңіл-күйді жеткізудегі ең үздік сөздер», — дейді Кларис. Ол қазақ тіліндегі әнді не себепті орындағанын айтып берді. «Шынымды айтсам, әнде барлығының қамтылғанын ешқашан естіген емеспін: сұлулық, махаббат және көңіл-күй. Қалайша? Бұл менің түсінігімнен жоғары, бұл туралы айтудың өзі қиын. «Рақмет» дегім келеді. Дарыныңызды бізбен бөліскеніңізге рақмет. Бұл оңай емес екенін білемін. Басқа тілдердегі әнді бір аптада жаттай алатыныңызды көрсеттіңіз, енді сіздің тіліңізде әндерді жаттауға біздің кезегіміз келді. «Дайдидау» әнін орындап көрдім, себебі бұл әннің сіз үшін жол екенін білемін», — деді қыз. Айта кетейік, француздар қазақ әншісінің өнері жайлы осыған дейін де әңгіме еткен еді. Франциялық мемлекеттік France 2 телеарнасы қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің феномені туралы репортаж жасаған болатын. Tengrinews.kz хабарлағандай, сюжет Францияның таңғы телеаудиториясының 40 пайызын қамтитын Telematin бағдарламасында көрсетілді. Бағдарлама орыс тіліндегі субтитрлерімен YouTube хостингінде пайда болды. Бағдарлама жүргізушілері шалғайдағы Қазақстаннан шыққан жас әншінің Қытайдағы ән байқауына қатысып, әлемде танымал болғаны жайлы айтады. Ал оның алдында франциялық Le Monde басылымы қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жайлы мақала жариялаған еді.

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде