Димаш Құдайбергеннің анасы Света Айтбаева жеке коллекциясын таныстырды. Бұл туралы Today.kz хабарлайды.
Ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жариялаған. «Отандық жеңіл өнеркәсіп саласының дамуына өз үлесімізді қосу мақсатында осыдан бір жарым жыл бұрын қолынан іс келетін қыз-келіншектерді біріктіріп шағын жұмыс орнын ашқан болатынбыз. Бүгінде шағын жұмыс орталығымызда бірнеше адамды тұрақты түрде жұмыспен қамтып отырмыз. «DimashRM» брендімен бүгінде түрлі киімдер желісін көпшілік назарына таныстыра бастадық. Мақсатымыз халыққа қол жетімді бағада сапалы киімдер ұсыну. Алғашқы топтамалар сатылымда. Көріңіздер!» – деп жазды ол.
Айта кетейік, Света Айтбаева «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты.