jasqazaq.kz

Димаш Құдайберген GGG – Canelo жекпе-жегінің алдында әнұранымызды орындайды

15 қыркүйек 2022, 11:34

Жақсы жаңалықты әншінің Instagram-дағы Dimash.news парақшасы бөлісті. 17 қыркүйек күні Қазақстанның қос мақтанышы бір алаңда бірге өнер көрсетуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша әнші әрі композитор Димаш Құдайберген GGG-дің Канеломен үшінші жекпе-жегі алдында Геннадий Головкинге қолдау көрсетпек. Генадий Головкин Димашты Лас Вегаста өтетін жекпе-жекке арнайы шақырған.

Еліміздің бір туар спортшысы Генадий Головкиннің арнайы шақыртуымен 17 қыркүйек күні Лас Вегас қаласында өтетін GGG — Canelo 3 жекпе-жегі алдында Димаш Құдайберген мемлекеттік әнұранымызды орындап, батырымызға қолдау көрсетуді жоспарлап отыр, — делінген хабарламада.
Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек 17 қыркүйекте өтеді. Ол Қазақстан уақытымен 18 қыркүйек күні таңертең болады. Жекпе-жектің басталуы шамамен Нұр-Сұлтан уақытымен 8:00-ге жоспарланған.

Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады