jasqazaq.kz

Әділбек Жақсыбеков: Тәртіп бұзған мемлекеттік қызметкерлер қатаң жазаланады

28 қазан 2016, 14:32

????????????????????????????????????

Мемлекеттік қызметкерлер жұмысын бағалаған зерттеу деректеріне сүйенсек, олардың 11 пайызы қалтқысыз, мінсіз жұмыс істейді, ал 63 пайызы — тиімді, тек 26 пайызының жұмысы қанағаттандырарлық деңгейге жатады.

ҚР Президенті әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков бүгіндері мемлекеттік қызметкер қоғамдық тәртіпті сақтап, өзінің қылығын әрдайым тезден өткізуі керек.

„Мемлекеттік қызметкер этиканы сақтауға барынша көңіл бөлуі тиіс. Елбасының жарлығымен Этикалық кодекс қабылданды, оған сәйкес орталық және жергілікті атқарушы органдарда этика бойынша кеңестер құрылуы керек. Қазір мемлекеттік қызметкерлерге халықтың назары ерекше ауған. Барлығы лезде интернет пен әлеуметтік желілерде пайда бола қояды„ — деді ол ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен кеңейтілген отырыста.

Бұл ретте Жақсыбеков бірнеше мысалды алға тартты.

„Соңғы кездері бірнеше басшының қылығы қоғамның назарына түсіп, жалпымен талқыланды. Мысалы, өз қабылдауында болған азаматпен дөрекі сөйлескен Алматы облысы Қапшағай қаласының бұрынғы әкімі. Оңтүстік Қазақстан облысында төбелес болып, аудан әкімін сабап тастаған жай тағы бар. Президент әкімшілігінің араласуынан кейін ғана әкімдіктер мен осы агенттіктің өңірлік департаменті қимылдап, нақты шаралар қабылдады. Тәртіпті бұзғандар жұмыстан қуылды„ — деді ҚР Президенті әкімшілігінің жетекшісі.

Жақсыбеков мемлекеттік қызметкерлерге өздерінің дөрекі әрекетімен мемлекеттің беделін түсіріп, билікке деген сенімсіздікті ұялатасыздар деп айтты. Сондықтан да мұндай мемлекеттік қызметкерлер қатаң жазасын алуы керек.

Сөз кезегінде агенттіктің төрағасы Қайрат Қожамжаров мемлекеттік қызметке үміткерлерді саралау кезінде үкіметтік емес ұйымдардың потенциалын пайдалану қажеттігін мәлімдеді.

— Тәжірибеде мемлекеттік қызметкерлерді іріктеу комиссиясының шалалығы бірнеше рет дәлелденген. Өйткені комиссияға алынғандардың көбісі — бағынышты адамдар. Сондықтан бұл ретте тәжірибе жасап, үкіметтік емес ұйымдардың потенциалын байқап көруге болады. „Азаматтық бақылау„ мемлекеттік жобасы аясында істейтін үкіметтік емес ұйымдардың адамдарын комиссияға тартып көру керек секілді.Сонда біз бұл істе ілгерілеуге қол жеткізе аламыз деп ойлаймын, — деді ол.

Оның айтуынша, қазір мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын тағайындау жүйесіне әділ қағидаттар енгізіп жатыр.

— Біз әрбір мемлекеттік қызметкердің еңбегін тіркеп, бағалайтын жоспар құрмақпыз. Оны тәжірибеде сынап та көрдік. Мысалы, зерттей келе, мемлекеттік қызметкерлердің 11 пайызы қалтқысыз, мінсіз жұмыс істейді, ал 63 пайызы — тиімді, тек 26 пайызының жұмысы қанағаттандырарлық деңгейге жататынын анықтадық, — дейді Қайрат Қожамжаров.

365info.kz

12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды