jasqazaq.kz

Депутаттар Медеудегі тұрғын үй құрылысына заңсыз берілген аумақты тексеруді талап етті

12 қазан 2022, 15:47

«Ақ жол» демпартиясы фракциясы «Медеу» табиғи паркінің жері жөнінде Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асыловқа депутаттық сауал жолдады. Бұл туралы партия басшысы Азат Перуашев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Партия өкілдері белгілі заңгер Бақытжан Базарбектің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған Алматы қаласы әкімдігінің белгілі бір аумақты мемлекет қорғауынан шығарып тастағаны жөніндегі ақпаратқа назар аударуды сұрайды.

«Бақытжан Сағынтаев басқарып тұрған кезеңде қала әкімдігі 2021 жылғы 25 маусымдағы шешімімен, қоғам талқылауына салмастан, Медеу мемлекеттік табиғат паркінің рекреациялық аймағынан (Бутаково шатқалы ауданында) шамамен 22,5 га аумақты (4,8 га; 4,3 га; 5 га; 4 га; 3,5 га; 0,8 га) шығарып тастаған», — делінген депутаттық сауалда.

Ал бұл аумақта бірегей өсімдіктер мен жануарлар әлемі бар орман алқабы орналасқан.

«Яғни, Медеу табиғи саябағының барлық аумағының 20 пайызы саябақ басшылығына ескертілместен, тұрғын үй құрылысы үшін берілген. Б. Базарбектің ақпаратына сәйкес, қазірдің өзінде құрылысқа арналған учаскелер бөлініп, нысаналы мақсаты өзгертіліп, құрылыс жобалары келісіліп жатыр», — деп мәлімдеген болатын Бақытжан Базарбек өз жазбасында.

Автор (жер мәселесі бойынша беделді заңгер) бұл Экологиялық, Орман, Жер кодекстерінің талаптарын және Президент Қ.Тоқаевтың Алматы іргесіндегі Іле Алатауында құрылыс салуға тыйым салу туралы тапсырмасын бұзды деп есептейді.

«Осыған байланысты «Ақ жол» демократиялық партиясының фракциясы бұл ақпаратты тексеріп, расталған жағдайда прокурорлық ден қою шараларын қолдануды сұрайды», — делінген партия сауалында.

Аталған жайтқа қатысты Алматы қаласы әкімдігі мен арнайы мамандар қазірше ресми ақпарат берген жоқ.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті