jasqazaq.kz

Депутат: Зәулім үйде тұрып, атаулы әлеуметтік көмек алатындар қаншама?!

22 қантар, 15:55

Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантайұлы Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға жолдаған сауалында соңғы кезде белең алған өтірік ажырасу туралы мәселе көтерді. Депутат өңірлерді аралаған кезде жалған ажырсау фактілері көбейгеніне көз жеткізгенін айтты.

«Шыны керек, өтірік ажырасқандардың көздегені – оңай жолмен пайда табу. Мәселен, 2015 жылы ресми ажырасып, мемлекеттен көмек алып, әлеуметтік осал топтың қатарына еніп, тұрғын үй кезегінде тұрған отбасыларда 2017, 2020 жылы ортақ балалары дүниеге келіп, әкесінің тегін алған. Тіпті ағайын-туысы да көрші-қолаңы да олардың ешқашан ажыраспағанын айтады. Кейбір отбасылар саналы түрде құжат негізінде ажырасқанымен, бір үйде тұрып, бала тәрбиесімен бірге айналысып, тіршілік етуде. Мұндай қадамға барған жанұялар мемлекеттен субсидия мен жеңілдік алу үшін барын салады», — деді халық қалаулысы.
Депутат ондай қулыққа баратындар тауқымет тартқан талай отбасының алдына орап, кезегін кешіктіріп, обалына қалғанына қынжылады.
Жарқынбек Амантайұлы: «Олардың арасында мемлекеттік қызметте және бизнесте жүрген жағдайлы отбасылар кездеседі. Бірақ тегін үйдің кезегіне тетігін тауып тұрып алған. Тіпті зәулім үйлерде тұрып, атаулы әлеуметтік көмекті алудан да бас тартпай отырғандар қаншама?! Өтірікке құрылған неке отбасылық құндылықты да құлдыратып жіберетіні анық. Бұл да үлкен мәселе», — дейді.

Депутаттың пікірінше, «жалған некенің» де, «жалған ажырасу» да алаяқтықпен бірдей. Сондықтан ол өз сауалында: «Отбасы құндылықтарын дәріптейтін «Неке және отбасы туралы» заңында жалған ажырасуды реттейтін бап та, норма да жоқ. Міне, осы заңды жетілдіретін кез келді. Некені сақтау мен жалған некені алдын алуда халықаралық тәжірибені саралап, тиімді тұстарын басшылыққа алу қажет. Жас буынды отбасы құндылықтарына деген жауапкершілікті ұлттық таным тұрғысынан дәріптеуді жандандыру да үлкен міндет. Сонымен қатар, мемлекеттік тіркеусіз жасалатын діни неке және азаматтық некені реттеу тетігін қарастыратын уақыт жетті», — деп атап көрсетті.

JQ-Aqparat

Фото: istockphoto.com

26 желтоқсан, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр