jasqazaq.kz

Депутат ауыз су азабының себебін түсіндірді

19 қыркүйек 2016, 13:29

Бүгін Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағаты барысында депутат Нұртай Сабильянов ауылды жерлерде су құбырларын тарту жұмысына қолбайлау болып отырған мәселелердің бірін жария етті. Оның айтуынша, бүгінде елді мекендерде сумен жабдықтау проблемасы әлі күнге дейін толық шешілмеген, кейбір өңірлерде оның көрсеткіші 20 пайызды құрап отыр, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Парламент депутаттарының өңірлерге сапар жасап, сайлаушылармен кездескен кезде сумен жабдықтау мәселесі ең өзекті мәселенің бірі болды. Сумен жабдықтау жобалары бойынша дайын құжаттар бола тұра, ол жобалар жылдар бойы республикалық бюджеттен қаржыландырылмай жатады. Бұл мәселе тұрғындардың ренішін туғызуда», — дейді Н.Сабильянов.

Оның сөзіне қарағанда, жобаларға қаржы бөлінбей жатқандықтан, жобалау-сметалық құжаттардың мерзмі аяқталады. Ал жаңа жобаларды дайындауға, мемлекеттік сараптаманы өткізуге қосымша қаражат пен қосымша уақыт кетеді. Бұл сумен жабдықтау мәселесінің тағы да созылып кетуіне әкеліп соқтырады.

«Сондықтан сумен жабдықтау бойынша дайын жобаларды қаржыландырған жөн болады. Бұл мәселеде тиісті мемлекеттік органдардан іс-қимылды жоғары деңгейде ұйымдастыру мен келісіп әрекет ету қажет», — дейді халық қалаулысы.

Депутаттың мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта қаржыландыру үшін соммасы 100,0 млрд. теңгеден асатын сумен жабдықтау жобалары дайын. Ал 2016 жылы бұл мақсатқа 640,0 млн. теңге бөлінген. 2017 жылда 19,9 млрд. теңге қарастырылған.

baq.kz

27 наурыз, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету