jasqazaq.kz

«Денсаулық» медициналық пойызы Алматы облысында  

15 қараша 2017, 17:01

   Осы жылдың «Медициналық пойыздар» жобасының аяқтаушы облысы ретінде Алматы облысы болмақ. Дәрігерлер  15 қарашадан бастап Қопа бекетінің тұрғындарын қабылдай бастады. Кесте бойынша «Денсаулық» медициналық пойызы осы өңірде 35 күн болады. Осы уақыт ішінде келесі 20 темір жол бекетінің тұрғындары дәрігерлер көмегіне жүгіне алады. Олар: Қопа, Достық, Жайпақ, Бескөл, Ақтоғай, Лепсі, Егінсу, Көксу, Айнабұлақ, Малайсары, Жоламан, Дала, Қосқұдық, Іле, Алтынкөл, Құндызды, Айдарлы, Тасқарасу, Шелек, Жетісу.

20 желтоқсанға дейін Алматы облысының елді мекендердің тұрғындары тегін тексеруден өтіп, ауруын анықтай алады және сала мамандарынан қажетті алғашқы көмек пен кәсіби кеңеске қол жеткізіп, қажет болса, ары қарай емделуге жақын жердегі медицина орталықтарына жолдама алады. Медицина пойызының дәрігерлеріне келгенде, жеке куәлігіңізді ала келуіңіз керек.

«Денсаулық» медициналық пойызының 8 вагонында науқастарды толық тексеруге, амбулаториялық ота жасауға, емдеу кабинеттерінің қызметтерін көрсетуге толық жағдай жасалған және зертханалар мен диагностика кабинеттерімен жабдықталған. Медицина бригадасының құрамында келесі мамандықтар бойынша бірінші және жоғары санаттағы дәрігерлері бар, олар: терапевт, педиатр, невропатолог, окулист, ЛОР, гинеколог, хирург, уролог, тіс дәрігері.

Медпойыз дәрігерлер бригадасы таңғы тоғыздан кешкі алтыға дейін жқмыс істейді. Дәрігерлердің демалыссыз жұмыс істейтінін және барлық қызметтер мен кеңестерді тегін көрсететінін естеріңізге саламыз.

Бүгін, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы