jasqazaq.kz

Денсаулық әулеті артады

18 қазан 2017, 18:12

Қарағандыда бұрыннан-ақ денсаулық саласына зор қаражат жұмсалатын. Жасыратыны жоқ, соның басым бөлігі шахтелер денсаулығына бөлінетін. Соған орай қандай да болсын денсаулық нысандары ең алдымен шахтерлер денсаулығы ескеріліп тұрғызылатын. Осыған байланысты кеншілар қаласында кәсіби ауруханалар мен емханалар, институттар жеткілікті.

Бүгінде шахталар саны азайған. Шахтерлер саны да кеми түсті. Енді «ала қойды бөле қырқудың» заманы өткен сынды.

Билік назарының кеншілер қаласының денсаулық нысандарын назарына алуы соны байқатады.

Кешегі мақтаулы клиникалардың жүдеулігі жанымызға бататын. Сол клиникаларымыз жаңа келбет ала бастады.

Бүгінгі таңда Қарағанды өңірі бойынша 60 денсаулық сақтау нысаны қайта жарақтауға ділгір. Бұл жөндеу жұмыстары кемі 7 миллиард теңгені қажет етеді. Бұл жұмыстар алдағы екі-үш жылда аяқталмақшы. Мұндай мәлімдемені облыс басшысы Ерлан Қошанов мәлімдеп отыр.

Басқасын айтпағанда сонау 1986 жылдан бері жөндеу көрмеген нысандар бар екен. Солардың қатарында облыстық клиникалық аурухананың терапевттік бөлімін айтуға болады. 2013 жылы жергілікті бюджет есебінен 225 млн. теңге бөлінгенімен, ол бүгінгі таңда қордаланып қалған аурухана проблемасын түбегейлі шешуге қауқарсыз. Ашынып айтарымыз бұл нысан әу баста жатақхана ретінде қарастырылған. Сол пайдалануға берілген 1962 жылдан бері аурухана ретінде бейімделіп келеді. Әлі бейімделуі біткен жоқ. Стандартқа сай келмейді деп отыра берсек бардың өзінен айрылып қалуымыз мүмкін. Есте ұстайтын нәрсе клиникамыз республиканың өзге де өңірлерінен емделушілерді қабылдайды. Онсыз да орын жетпей жатқанда палаталар жүктемесін арттырып әлек. Көпбейінді медицина мекемесінде жыл сайын әр түрлі ауру түрлерімен жыл сайын 12 мыңнан астам емделушілер мамандандырылған медициналық көмек алады. Осыдан-ақ клиниканың қауқарын білуге болар.

Өңір басшысы ерте көктемде осы клиникада болып, жағдайды өз көзімен көрген еді.

– Мен бұл жерде 15 жыл бұрын болғанмын, қазіргі жағдайы сол кезден де нашарлап кеткен екен. Осындай жағдайда мойымай, адамдарды емдеумен айналысып отырған сіздерге орден беру керек, – деп, медицина мекемесі қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Облыстық клиникалық аурухананың терапевттік корпусына іргелі жөндеу жұмыстары 2017 және 2018 жылдары жүргізілетін болады. 500 миллион

теңгеден астам қаражатты талап ететін жөндеу жұмыстарына бөлінетін соманың жартысы биылғы жылдың өзінде бюджеттен дер уақыытнда бөлінді. Жалпы ауданы 9 мың шаршы метрді құрайтын терапевттік корпусқа жөндеу жұмыстарын бір уақытта жүргізу мүмкін болмағандықтан кезең-кезеңмен жасалуда.

Осының алдында ғана облыстық клиникалық аурухананың хирургия бөліміне жөндеу жұмыстары жүргізілген еді.

Мұндағы «Луч» нейроқалпына келтіру орталығы да облыстағы ғана емес, еліміздегі бірден-бір бірегей медициналық орталықтың бірі. Жыл сайын аталмыш орталықта 3500 адам емделуге мүдделі. Соған орай шірет те сейілер емес.

Облыстық туберкулезге қарсы диспансеріндегі барлық көрсеткіштер, оның ішінде балалар арасында туберкулез дерті 38,3 пайызға төмендеген. Бұл – аталмыш саладағы жоғарғы көрсеткіштердің бірі. Жұқпалы және мәжбүрлі түрде емделетін ауруларға арналған жеке ғимарат салу – облыстағы туберкулез ауруының таралуын азайтатыны түсінікті. Бұл үшін арнайы смета жасалып, 600 млн. теңге шамасында қаражат бөлінбек. Бұл жұмыстар келесі жылы қолға алынбақшы.

Облыстық онкологиялық диспансері ақпарат заманымен бірге жедел дамып отырған медицина саласындағы заманауи технологияларды қажет етеді. Қайбір онкологиялық дерт түрлері арнайы генетикалық зерттеуді талап етеді. Олай болса арнайы генетикалық зертхана корпусын салу қажет болады. Оған аурухана дәрігерлерінің әлуеті жеткілікті.

Бұл күні облыс үшін мерзімі жеткен мәселе – көпсалалы аурухана салу мәселесі. 1991 жылы аурухананың құрылыс базасы дайындалғанымен, қаражат тапшылығына байланысты консервацияға қойылғанды. Аурухана құрылысы 12,5 миллиард теңгені қажетсінеді, оның 4 миллиарды құрылыс жұмыстарына, ал қалғаны заманауи жабдықпен жабдықтауға жұмсалады деп жоспарлануда. Аурухана бірнеше медициналық корпустан тұратын болады, сонымен қатар, тікұшақ қонатын орын да қарастырылған.

Құрылыс жұмыстары 2019 жылдан басталады деп жоспарлануда.

Елбасымыз Н. Назарбаев денсаулық саласының ақпараттандырылуы туралы қадап айтқан еді. Бүгінде шіретсіз емханалар етек алуда. Электронды шірет өмірге берік енуде. Емхана сайтына кірсеңіз жеткілікті. Дәрігер қабылдауына жазыла аласыз, қажетті дәріге тапсырыс болмас кеңес ала аласыз. Ұялы телефон, интернеттен басқа, әрбір емханадағы терминалды да осы мақсатқа пайдалануға болады.

Электронды медицина өмірге берік енуде. Бүгіннің өзінде интернет арқылы дәрігергердің қабылдауына жазыла аласыз, кеңес алуыңызға болады, дәрігер шақыра аласыз. Әсіресе, «SOS» тетігінің өмірге енуі қуантып отыр. Бұл тетік арқылы жүкті әйелдер, аса ауыр сырқаттар қажетті медициналық көмек ала алады.

Қарағандылықтар келер жылдан бастап электронды медицинаға көшпекші. Қағазбастылықтан сөйтіп құтылмақшы. Ел денсаушылығын сөйтіп жақсартпақшы.

Төрехан МАЙБАС

Қарағанды

Бүгін, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті