jasqazaq.kz

Денис Тен: Менен басқа ол жақта Қазақстанның намысын қорғайтын ешкім жоқ

20 ақпан 2018, 10:49

Пхенчхан Олимпиадасында өнер көрсеткен фристайл-могул мен фристайл-акробатшы қыздармен бірге Денис Тен де Алматыға келді. Спортшыларды əуежайдан Спорт академиясының студенттері, оқытушылары, əріптестері, жанкүйерлер күтіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Денис Тен дүбірлі додаға жеңіс үшін емес, жай ғана қатысу үшін барғанын айтты. Бұған оның үсті-үстіне қабаттасқан жарақаттары себеп болған.

«Бұл менің төртінші Олимпиадам. Мен үшін өз бағдарламаммен өнер көрсетудің өзі үлкен мəртебе. Менде сенімнен гөрі күдік басым болды. Бірақ сонда да тəуекелге барып қатыстым. Мен үлкен жарысқа қатысқаныма мүлде өкінбеймін»,- деді Денис Тен.

Қысқа бағдарлама нəтижесі бойынша қазақстандық мəнерлеп сырғанаушы 70,12 балмен 27-орынға табан тіреген болатын. Өз бағдарламасында спортшы күрделі элементтер жасамады. Сондықтан қазылар оның еңбегін орташа бағалады.

Спортшы болашақтағы жоспарымен бөлісті.

«Менде бір апта үзіліс болады. Физиотерапия қабылдап болған соң бапкерім екеуміз біріге отырып келесі Олимпиадаға қатысамыз ба жоқ па, соны шешеміз. Əлем чемпионатына қатысу-қатыспауымыз да екіталай. Алайда менен басқа ол жақта Қазақстанның намысын қорғайтын ешкім жоқ»,- деді Денис Тен.

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды