jasqazaq.kz

Дендрологиялық саябақта көшет отырғызылды

20 қазан 2022, 15:53

Мерейлі жиын 1979 жылы А.Асқаров іргетасын қалап, бүгінгі мегаполистің өкпесіне айналдырған дендрологиялық саябақта жалғасты. Шымкенттік өнерпаздар мен Жамбыл облысының «Тараз» триосы жырдан шашу шашып, әсем әнді әуелетті.

Түркістан облысының құрметті азаматы Исмат Тұрсынқұлов пен Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев дендрологиялық саябақтың тарихын баяндады.

— 1978 жылы қаланың қоқыс полигоны орналасқан аймақты толығымен тазартып, оны қаланың жасыл желегіне айналдыруды қолға алды. Асанбай Асқаровтың өзі күндіз-түні жұмыстың басында жүріп, саябақ аумағын 7 секторға бөлді. Сөйтіп, әр секторға түрлі ағаштарды отырғызды. Қай бөлікте қандай ағаш отырғызылатынын, оларға қандай күтім қажет екенін мамандармен келісіп, өзі қадағалап жүретін, — деді И.Тұрсынқұлұлы.

Біртуар азаматтың 100 жылдығына орай дендрологиялық бақта 20-дан аса ағаш көшеті отырғызылды. 1979 жылы А.Асқаровтың өз қолымен отырғызған шынар ағашының қарсы бетіне қызы Жаннет Асанбайқызы мен Д.Қонаев атындағы халықаралық қордың президенті Э.Қонаев шынар ағашын отырғызды. Ал, өзге көшеттерді Жамбыл, Түркістан облысынан келген делегаттар мен Шымкент қаласының зиялы қауым өкілдері отырғызды. Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев отырғызылған көшеттерді баптауды әрбір азамат өз жауапкершілігіне алып, кем дегенде жылына бір мәрте келіп тұруды ұсынды.

Айта кетсек, А.Асқаровтың 100 жылдығына арналған жиын ғылыми конференция өткен болатын. А.Асқаровтың елі мен жеріне еткен еңбегін дәріптеп, ұлықтауға арналған жиында Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов, Жамбыл облысы, Түркістан облысынан қайраткердің көзін көрген замандастары мен ізбасарлары, зиялы қауым өкілдері, Алматы қаласынан туыстары келіп, бас қосты. Конференция тұлғаның өмір жолын, ел экономикасы мен дамуына қосқан үлесі баяндалған деректі фильммен басталды. Салтанатты жиынды Түркістан облысының құрметті азаматы Исмат Тұрсынқұлов жүргізіп отырды.

А.Асқаров – Алматы, Жамбыл және Шымкент облыстарында партия комитеттерінің бірінші хатшысы болып тұрғанда да адамдықтан аттамай, кіршіксіз кеңдігімен, адал еңбегімен халық жүрегіне жол тапқан тұлға. Ол үш облыстың тізгінін ұстаған 26 жылда елдің өркендеуі жолында аянбай еңбек етті.

Сонымен қатар, А.Асқаровтың 100 жылдыған орай Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры бүгін М.Байғұттың «Асқаровтың аққайыңдары» қойылымын сахналамақ.

Тоқтар Жақаш

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті