jasqazaq.kz

Дәурен Айдарқұлов Ақботанұрды КешYou тобынан алып шығу үшін көп ақша төлеген

11 сәуiр, 18:18

Сурет: instagram.com/akbotanurabaykyzy

КешYou тобының бұрынғы әншілері Динара Сәтжанға берген сұхбатында әнші һәм актриса Ақботнұр Сейітмағамбет бұрын-соңды айтпаған сырдың бетін ашты.
Кезінде ол КешYou тобында өнер көрсету үшін 7 жылға келісімшартқа отырған. Бірақ екі жылдан кейін Дәурен Айдарқұловқа тұрмысқа шығатын болып, бұрынғы күйеуі айыппұл төлеуге мәжбүр болған.

«Мұндай ақпаратты көп жерде айта бермеймін. Бізде КешYou тобымен 7 жылдық келісімшарт болған. Бірақ пешенеме жазылған тағдырыма байланысты 2 жыл ғана жұмыс істедім. Алайда уақыт өте келе өзімнің сүйіктімді киноға түсіп жүргенімде жолықтырдым. Қазір 8 жасар ұлым, 6 жасар қызым бар.

Тұрмысқа шығамын деп бір жағынан балалық болды ма, сол уақыттары айыппұлды күйеуімнің төлеуіне тура келді», — дейді Ақботанұр Сейітмағамбет.

Айта кетейік, бұл сұхбатта топта ән айтқан қыздар талай әңгіменің басын ашты. Шындығын айтқанда, Динара Сәтжанның мұндай сұхбатты қандай мақсатта ұйымдастырғаны түсініксіз. Себебі кей тұсында Баян Алагөзова мен Бағым Мақсатқызы туралы жағымсыз пікірлер де айтылып қалды.

JQ-Aqparat

26 желтоқсан, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр