jasqazaq.kz

Дәрігерлер Сәтбаевта оқ тиіп ауруханаға түскен жігіттің жағдайын айтты

19 қазан 2022, 11:30


Кеше Сәтбаев қаласының ортасында оқ жарақатын алған 24 жастағы жігіт травматология бөліміне ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сәтбаевта болған оқиға салдарынан 1998 жылы туған ер адам 18 қазан күні сағат 20.09-да Жезқазған қаласындағы облыстық көпсалалы аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілген болатын.

Жәбірленушінің оқ жарақатынан оң жамбасы мен жыныс мүшелері зақымданған.

«Сонымен қатар, арқасынан жауырындардың аралығы пышақпен жарақатталған. Сүйектері аман. Шұғыл түрде жедел емделуге алынып, одан әрі урологиялық бөлімшеге жатқызылды» деп мәлім етті дәрігерлер.

Ұлытау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бүгін науқастың дәрігерлер шешімімен науқастың басқа бөлімге ауыстырылғанын хабарлады.

«Пациенттің жағдайы тұрақты. Қазір ол травматология бөліміне ауыстырылды, өйткені жарақаттары басым. Сонымен қатар ол урологтардың да бақылауында болады. Тиісті емін алып, жарақаты қайта таңылып жатыр», — деп хабарлады ведомствода.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті