jasqazaq.kz

Дәрігер ер азаматтардың белсіздікке шалдығу себебін түсіндірді

20 қараша 2017, 17:59

Қазақстанда соңғы уақытта белсіздік пен бедеулік індетінің кең етек жайып келе жатқанын дәрігерлер айтуындай айтып келеді. Некелерін жаңа қиған жас отбасыардың жиі ажырасып кетуіне де осы бала сүйе алмауы себеп болады дейді олар. Еуразия бірінші арнасынан шығатын «Әйел сыры» бағдарламасында қонақта болған репродуктолог-дәрігер Ләззат Амангелдіқызы ер азаматтардың белсіздік себебін түсіндірді.

Оның айтуынша, ерлер бұл дертке дұрыс тамақтанбағаннан және дене шынықтыруымен шұғылданбағаннан шалдығады екен. «Ер азаматтарда ұрық әлсіздігі болып жатыр. Оған күнделікті уайым, астың құнарсыздығы, жұтып отырған ауаның ластығы себеп болып отыр», – дейді репродуктолог Ләззат Амангелдіқызы.

Ал, Қазақстанның №1 уролог-дәрігері Мырзакәрім Алшынбайұлының айтуынша, қазақстандағы ер азаматтардың жартысында белсіздіктің алғашқы белгілері кездеседі екен. Бұған басты себеп — олардың салауатты өмір салтын ұстанбауы. М.Алшынбайұлы басқаратын Урология ұлттық ғылыми орталығы жүргізген скринингтік зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, зерттеуге қатысқан 26 мың ер азаматтың 56,3 пайызынан түрлі дәрежедегі эректильдік дисфункция белгілері анықталған. 30,4 пайызында – ұрықтың бұзылуы, 42,4 пайызында жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулардың бар екені белгілі болыпты. Ал түсті металлургия кәсіпорындарында жұмыс істейтін жұмысшылардың 53,2 пайызында репродуктивтік қызметтің бұзылуы байқалған.

sn.kz

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті