jasqazaq.kz

Дархамбаеваның ісі бойынша жаңа мән-жайлар: босану, шын жүректен өкіну және денсаулығының нашарлауы

18 маусым 2025, 15:58

2025 жылғы 18 маусымда Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы 1990 жылы туған, ҚК-нің 174-бабының 1-бөлігімен, яғни ұлтаралық алауыздықты қоздыру фактісі бойынша сотталған Ж.Дархамбаеваға қатысты қылмыстық істі апелляциялық тәртіпте қарады.

Анықталғандай, Ж.Дархамбаева өзінің жеке парақшасына әртүрлі этностар өкілдерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін жария түрде қорлауға бағытталған сөздерді қолданған бейнежарияланымды салған.
Ж.Дархамбаеваның үндеуі Интернет қолданушыларының кең ауқымын қамтыған – құқыққа қайшы бейнежазбалар жарты миллионнан астам тіркелушілері бар мессенджерлерде жарияланған.
Мұндай әрекеттер біздің мемлекетіміздің іргетасы болып табылатын ұлтаралық келісімді және халықтың бірлігін бұзуға, оған нұқсан келтіруге бағытталған. Конституция ұлттық, нәсілдік және діни уәжі бойынша кез келген кемсітушілікке тыйым салады.
Бұл ретте, заңда осы сияқты экстремистік қылмыстар үшін жаза көзделген. Заң мен сот алдында, олардың жынысы, жасы және әлеуметтік мәртебесіне қарамастан барлығы тең болып келеді.
Ж.Дархамбаева қылмысты саналы түрде, ересек әрі жетілген адам бола тұра жасаған. Ол өзінің әрекеттері басқа азаматтардың құқықтарын бұзатынын білген.
Сот барлық дәлелдемелерді зерделеп, Ж.Дархамбаеваның кінәсі толық дәлелденген деп есептейді.
Осылайша, бірінші сатыдағы сот заңды әрі негізді шешім қабылдаған.
Дегенмен, сотқа түскен медициналық қорытындыға сәйкес, қазіргі уақытта ол Петропавл қалалық облыстық перинаталдық орталығында босанғаннан кейін жасалған отаға байланысты денсаулығының нашарлауы себебінен ем шараларын қабылдауды қажет етеді.
Сотталғанның өзі апелляциялық сатыдағы сотта кінәсін толық мойындады, жасаған іс-әрекеттеріне өкінетінін айтып, босануына және денсаулық жағдайына байланысты оған жазаны өтеуін кейінге қалдыруды сұрады.
Аталғандардың негізінде, ұсынылған мәліметтер мен жаңа мән-жайларды ескере отырып, апелляциялық саты Ж. Дархамбаеваға қатысты 2 жыл мерзімге жазасын өтеуді кейінге қалдыруды қолдануға шешім қабылдады, яғни оның жазасын өтеуі уақытша кейінге қалдырылатын болады.
Алайда, Ж.Дархамбаева қайта құқық бұзушылық жасаған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жазасын өтеуді кейінге қалдыруды қолданудың күші жойылады.

Солтүстік Қазақстан облыстық соты

24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк
19 қантар, 13:48
Аида Балаева балаларға арналған кітаптардың жоқ екенін ашып айтты
12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?