Данияр Құлымшы: Ата-анамыздан бөлек құпиямыз болды

21 шiлде 2023, 16:26

Ninety one тобының мүшесі және жұртшылыққа Бала лақап атымен таныс Данияр Құлымшы бағдарламалардың біріне сұхбат берген кезінде ел білмейтін құпиясымен бөлісті.

«Менің әкем мен анам, қарындасым мен інім бар. Әкем училищеде мәдениеттану сабағынан берген, тарихшы және философиядан хабары бар адам. Анам бастауыш сыныпқа қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берген. Кейін тіл басқармасында жұмыс істеді.Екеуі де министрлер үйінде қазақ тілі немесе тарихқа байланысты жұмыс атқарып жүрді. Жанұямның бәрі Алматыда. Қарындасым менің кішкентайымнан сырласым, досым. Ата-анамыздан бөлек өзіміздің құпиямыз болды. Ұрысып, таласып өстік. 16 жасымда мен Алматыға кетіп қалдым. Бір жылдан кейін қарындасым Алматыға оқуға келді. Оның оқуы бар, мен топпен бірге тұрдым. Бірақ біз бөлек тұрдық. Мен Алматыға келгеніммен, бір курс қана оқыдым. Мансапқа уақыт жетіспегендіктен, оқуымды тастап кеттім. Кенже інім жаңа толқынмен өсті. Оның қызығушылықтары бөлек. Қазір мәтін жазады, әнін жазады. Бейнебаян түсірді», — деді.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды