jasqazaq.kz

Дәрия Жүсіп: Тұңғышбайды куәгер ретінде шақырған болатын

03 қараша 2016, 11:38

20161103113153

Танымал актер, продюсер Тұңғышбай Жаманқұловтың жұбайы — Дәрия Әбдумәлікқызы жолдасының қаражат жымқыруы мүмкін дегенге сенбейді. Оның айтуынша, Жаманқұлов осы фактіге қатысты куәгер ретінде шақырылған болатын.

«Маған ештеңе айтпай тұрыңызшы деді. Маған айтуға болмайды деп жатыр. Мен өзім кеше естідім. Тұңғышбайды алдымен куәгер ретінде шақырған болатын. Дерек-дәйек аламыз деді. Содан кейін алып қалды. Ары қарай не болғанын өзім де білмеймін. Мен қазір шынымен ештеңе айта алмаймын, ол басында тек куәгер ретінде шақырылған. Басқа жаңалық болса өзім де xабарламасын ғой», — деді Дәрия Әбдумәлікқызы . Оның айтуынша, қазіргі кезде Тұңғышбай Жаманқұловтың телефондары қосулы тұр. Алайда оның барлығын құқық қорғау органдары тәркілеп алған. «Маған бірдеңе айтсаң, іс насырға шабуы мүмкін деді. Сәл күте тұрайықшы. Мені тыңдап жатыр. Дәл қазір ештеңе айта алмаймын», — дейді ол. Еске сала кетейік, Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бюросының мәліметіне сәйкес, «Феникс» көркем фильмін түсіруге арналған 79 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражаты «Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS» ЖШС есеп-шотына аударылып, сол арқылы 69 млн. теңгесі ұрланғаны айтылған еді. Ал аталған фирманың құрылтайшысы — картинаның бас продюсері Тұңғышбай Жаманқұлов. Ғаламтордан алынған кәсіпорынның төлқұжатына сәйкес, «Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS» ЖШС Алматы қаласының Алмалы ауданында орналасқан. Фирманың айналысатын саласы «көтерме және бөлшек сауда, автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу» деп көрсетілген. Қарашаның 2-сі күні бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен Тұңғышбай Жаманқұлов ұсталды. Сондай-ақ сот санкциясымен «Қазақфильм» АҚ-ның экономика және қаржы басқарушы директоры Г. Ысқақова мен атқарушы продюсер Н. Юдина тұтқындалды.

ҚазАқпарат

 

31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған
30 қазан, 15:25
Меруерт Ибраева: Қазақстан индустриясы жасанды интеллект дәуіріне қадам басты
30 қазан, 15:09
Қанат Қайыпбек: Жаңа Салық кодексі Түркістан кәсіпкерлеріне оңтайлы жеңілдіктер ұсынады
30 қазан, 11:54
АҚШ пен Венесуэла: соғыс бола ма, болмай ма?
29 қазан, 19:25
Инженерлік инфрақұрылым - игіліктің бастауы
29 қазан, 13:36
Қанат Мұсаев: Агроөндірістегі басты мәселе – өнімді өткізу
29 қазан, 12:25
Суомимен стратегиялық деңгейдегі серіктестік