jasqazaq.kz

Д.Мыңбай: 100 жаңа есімге ену — зор сый-сыяпат

17 қараша 2017, 12:45


Қазақстан Халқы ассамблеясы Төрағасының орынбасары Дархан Мыңбай «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы бойынша таңдалып отырған 302 адамға дауыс беруге шақырды.
Төраға орынбасары «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жер-жерде талқыланып жатыр. Бұның өзі қоғамдық өмірге бір серпін әкелді десек те болады. Айтылған 302 кандидатқа дауыс беретін боламыз.

Бұл өте жауапты да маңызды жұмыс. Өйткені, бұл жоба бойынша біз шын мәнінде лайықтыларды таңдап алуымыз керек. Ассамблеяның барлық құрылымдары, этномәдени бірлестіктер жұмысқа белсене атсалысты. Ассамблеяның тарапынан 893 адамның жетістігі мен өмірі туралы мәлімет el.kz порталына енгізілді», — дейді.

Ол өз сөзінде Елбасы айтқандай, ұлттың алтын қорын қалыптастырып жатқан адамдарды таңдап алудың маңыздылығын ерекше атап өтті. «Ассамблея мүшелері осы тарапта жұмыс атқарып жатқан комиссия құрамында болды. Бүгінгі таңда қоғамдық дауыс беру арқылы жобаның аяқталу кезеңіне таяп қалдық. Барлық азаматты дауыс беруге шақырамын. 100 жаңа есім Қазақстанда бірінші рет өткізіліп отыр. Оның құрамына енудің өзі, меніңше, зор сый-сияпат. Ол тізімге енген адамға деген құрмет бұнымен тоқтап қалмасы анық», — деді Д.Мыңбай.
Сонымен бірге, Төраға орынбасары 2018-2019 жылы ҚХА 11 жоба, атап айтқанда, «Жастардың алтын бесігі», «Менің және менің елімнің жетістіктерінің тарихы», «Өзіңді өзің шыңда», «Көшбасшы бол», тағы сол секілді жобаларды қолға алып жатқанын жеткізді. Бұның барлығы «Қазақстанның 100 жаңа есіміне» енген адамдардың еңбегін насихаттап, дәріптеуге септігін тигізбек.

Д.Мыңбай «Адамдардың өзінен емес, олардың еңбегінен үлгі алу керек деген ойдамын. Әрбір азамат Қазақстанның 100 жаңа есіміне енген адамдардан өзіндік үлгі алар деген ойдамын. Сөзсіз, бұл жоба өзінің жалғасын табуы керек. Өйткені, біз өзіміздің заманымыздың үлгілі әрі озық адамдарын халыққа көрсете білуіміз керек», — деп өз ойын аяқтады.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті