jasqazaq.kz

Д.Абаев: Елбасының басқаруымен халқымыз біртұтас ұлт ретінде нығайды

01 желтоқсан 2016, 14:44

dauren

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады, деп хабарлайды BNews.kz.

«Ардақты ағайын! Бүгін халқымыз мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін қарсы алуда. Бұл күн — төл тарихымызда тұңғыш рет президенттік басқару жүйесі бастау алған күн. Егемендіктің ең қиын жылдарында президенттік билік қоғамды топтастырудың, саяси тұрақтылық пен қалыпты дамуға жұмылдырудың құралы ретінде қызмет етті. Елбасының басқаруымен халқымыз біртұтас ұлт ретінде нығайып, әлемге жаңа Қазақстанды әйгілей отырып, табысты мемлекет құрды. Еліміз бірліктің бесігіне, татулықтың тұрағына айналды. Мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, баршаңызға бақ-береке, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін!», — деп жазды министр фейсбуктегі парақшасында.

 

Бүгін, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету