jasqazaq.kz

Cутекпен жүретін әлемдегі алғашқы трамвай іске қосылды

27 қазан 2017, 12:04

Көлік ауаға зиянды қалдық таратпайды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Хэбэй провинциясының Таншань қаласында сутек отынымен жүретін трамвай іске қосылды. Жаңа көлікті China Railway Rolling Corporation (CRRC) корпорациясы жасап шығарған.

Трамвай жүрген кезде ауаны ластамайды. Жұмыс істейтін қозғалтқыштардан шығатын жалғыз ғана қалдық – бұл су.

Вагон едені мен рельс арасындағы ара қашықтық 35 сантиметр, бұл жолаушыларды отырғызуды жеңілдетеді.

Сутек құю 15 минутқа созылады, ал отын 40 шақырымдық жолға жетеді. Трамвайдың максималды жылдамдығы – сағатына 70 шақырым.

Сутек отынын алудың арзан технологиясын швейцариялық ғалымдар 2014 жылдың қыркүйегінде таныстырған болатын. Сол жылдың желтоқсанында Toyota Motor жапон корпорациясы сутекпен жүретін автокөліктер шығара бастады.

Бүгін, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс