jasqazaq.kz

Cуға батып кеткен үндістандық студенттердің бірінің мәйіті табылды

11 қазан 2022, 12:42


Түркістан облысында суға батып кеткен екі шетелдік студенттің бірінің мәйіті табылды. Саяхаттау кезінде суға батып кеткен шетелдік студенттің мәйіті 26-шы маусымнан бері іздестіріліп жатқан еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары үздіксіз іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Ханарық ауылының төмен жағында Ақсу өзенінен мәйітті тапты. Табылған мүрде сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

«Тағы бір шетелдің студенттің мәйітін іздестіру жұмыстары әлі жалғасуда. Бұл жұмыстарға Республикалық жедел-құтқару жасағынан 5 құтқарушы, 1 жүзу құралы, Түркістан облысы ТЖД 7 құтқарушы, 1 жүзу құралы жұмылдырылған»,- делінген хабарламада.

Еске салайық, шетелдік екі студент биыл 26-шы маусым күні Төлеби ауданындағы Ақсу өзеніне батып кеткен болатын. 21 студенттен құралған топ Шымкент қаласынан келген болып шықты. Барлығы Үндістан Республикасының азаматтары, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері. Артынша суға батқан екі жігіттің ата-аналары да Қазақстанға келіп, іздеу шараларына қатысқан еді.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті