jasqazaq.kz

Cпортқа болжам жасау – оңай жолмен ақша табу емес

27 мамыр 2022, 11:27

Соңғы жылдары жүргізілген әлеуметтік зерттеулер психологтар әлдеқашан дәлелдеген тұжырымды тағы да растады. Тәжірибе көрсеткендей, орташа жанкүйер мен спортқа бәс тігушінің бет-бейнесі бір-біріне ұқсас. Басқаша айтқанда, букмекерлік кеңсенің клиенті – ақша ұтуды ғана ойлайтын құмарпаз емес, спорт жанкүйері.

Букмекерде бәс тігушілер: демографиялық портрет

Шынында да, спортқа бәс тігу кімге қызық? Қазақстанда онымен кімдер айналысады?
2021 жылдың соңында Mostbet Partners тобы жүргізген букмекерлер талдауы мынаны айқындады: бүгінгі күні еліміздегі букмекерлік кеңселердің клиенттері тақырыптың байыбына бармай көсілтетін кейбір авторлар айтатындай «патологиялық ойыншылар» емес, спорт жанкүйерлері.

Қазақстанда беттингке құмартушы (яғни спортқа бәс тігуші) – 25-35 жастағы ер адам. Оның табысы орташа жалақыдан жоғары, әдетте, қалада тұрады. Ал букмекерлік кеңсе аудиториясының басым бөлігі, жалпы спорттағыдай, негізінен ерлер қауымы екені де рас. Қазақстанда 2021 жылғы әлеуметтік өлшем көрсеткендей, букмекерлік кеңсе аудиториясының небәрі 8 пайызы нәзік жандардың үлесінде. Жас жағынан ауқымы кеңірек – бәс тігумен 20-дан 45 жасқа дейінгілер айналысады. 60 жастағылар да кездесіп қалады. Көпшілігі – ақылы толған, тәуекелге қызық үшін бармайтындар. Сондықтан «ойынпаздық теориясы» туралы езеурейтіндер мықтап қателеседі. Бәс тігушілер – спортқа болжам жасаудан ләззат алатындар.

Әлеуметтік бет-бейне

Спортқа бәс тігумен көбіне аяғынан тік тұрған, жоғары білімді жандар айналысады. Олардың шағын бизнесі болуы мүмкін, не болмаса, кеседе жұмыс істейді. Табыс деңгейі жағынан орта дәулетті, яғни ұзақ мерзімге ақша салса да қаржы жағынан қиналмайды. Беттингке құмартушылар көбіне айлықтан айлыққа дейін өмір сүретіндер емес. Сондай-ақ олар жалақысының жартысын тұрғын үй жалдауға жұмсамайды.

Біле білсеңіз, бұл – маңызды тұжырым. Адамдар қаржыдан қысылғандықтан, ақша тапқысы келгендіктен спортқа бәс тігуге ұмтылады деген пікірді жоққа шығарады. Әрине, ондайлар да бар. Бірақ оларға беттинг қол емес. Себебі спортқа болжам жасау жеңіл жолмен табыс табуға мүмкіндік бермейді. Шындығында, ақшадан тарыққан жан букмекерлік кеңсеге емес, казиноға немесе лото-клубқа барады. Өйткені ол жерде ілім-білім керек емес. Қандай болжам жасаймын деп ойланып, бас қатырудың қажеті шамалы.

Спортқа бәс тігуге құмартатындар үшін беттинг – ақша табудың тәсілі емес, жай ғана ермек, бәсекені тамашалап отырып, түрлі сезімді бастан кешіру.

Спорттың нағыз жанкүйерлері

Спорт – солардың әлемі. Отандық букмекерлер аудиториясында жүргізілген онлайн-сауалнама нәтижесіне үңілейік: бұлар шынымен де спорт десе ішкен асын жерге қояды. Олар ағымдағы турнир кестесін, командалар мен спортшылардың аты-жөнін біледі. Нақты бір чемпионат шеңберінде не болып жатқанын бүге-шігесіне дейін айтып бере алады. Ал күнделікті өмірде олар мүлде басқа жұмыспен айналысуы мүмкін. ІТ, автокөлік бизнесі, мұнай-газ саласында еңбектеніп немесе фермерлік шаруашылықта мал өсіретін шығар. Бұл адамдардың басын қосатын, біріншіден, белгілі бір мөлшердегі табысы (әдетте айына 400-500 мың теңгеден кем емес) және спортқа деген айрықша қызығушылық. Сондықтан беттингпен айналысатындарды нағыз жанкүйер десе де болады.

Айта кетейік, бізде букмекерлік бәс тігуде ең алдыңғы қатарда футбол тұр. Одан кейін хоккей мен баскетбол. Содан кейін киберспорт. 2021 жылы клиенттердің 85 пайызы футболға бәс тіккен. Қалған бөлігінің жартысы хоккейге, үштен бір бөлігі тенниске, қалғандары (негізінен 25 жасқа дейінгілер) киберспортты таңдаған екен.

«Келіншегім білмей-ақ қойсын»: бәс тіккенін неге жасырады?

Бұдан шығатын қорытынды: еліміздегі букмекерлік кеңсенің белсенді клиенті – кейбір «сарапшылар» жазатындай, тіпті де маргинал емес. Білімі таяз, жалақысы төмен жандарға беттингке жолап керегі жоқ. Кейбіреулер осы салада бағын сынап көргісі келеді. Бірақ шамасы келмейтініне жылдам көз жеткізеді. Спортқа бәс тігу – мүлде басқа деңгей. Мұнда аяқ астынан жолың болып кетпейді. Бәс тігіп отырған спорт туралы ештеңе білмесең, айналып өт!
Беттинг – қалтасы қалың, жанұясы мен тұрақты жұмысы бар адамдардың ермегі. Олар үшін спортқа болжам жасау – жайдан-жай ұтып алу емес, рахаттану, күнделікті күйкі тіршілікті ұмыту, күйзелістен арылудан басқа ештеңе емес.

Бұл арада біздің беттинг туралы үйреншікті ойымыз шынайы өмірдегі шындықпен сәйкес келмейтінін айту маңызды. Оның қалыптасуына қоғамдағы букмекерлік кеңсе туралы баяғыдан қалыптасқан пікір ықпал етті. Біз «құмарпаз адам» деген тіркесті құлағымыз шалғанда, көз алдымызға өмірде жолы болмаған маскүнемнің бейнесі елестейді. Тапқан-таянғанын картаға немесе рулеткаға ұтқызып жіберетін сүмелек. Бейшараның мұндай бейнесі спортқа болжам жасаушылармен үш қайнаса сорпасы қосылмаса да, психологиялық жағынан букмекерлік кеңсе клиенттеріне әсер етеді. Сондықтан да сауалнама анықтағандай, қазақстандықтардың 70 пайызы спортқа бәс тіккенін жақындарынан жасыруға тырысады.

Көпшілігі (72-75 пайызы) аптасына бір немесе бірнеше рет бәс тігеді. Олардың ішінде 80 пайызы күніне үш рет онлайн түрде бәс тігеді. Барлық бәс тігудің 70 пайыздан астамы LIVE режимінде, яғни матч немесе жекпе-жек кезінде жүзеге асырылады. Мұндайда бәс нәтижесін қолма-қол білуге болады.

2020 жылы коронавирус пандемиясы басталғанда ел ішінде букмекерлік кеңсеге барып бәс тігетіндердің қатары сиреді. Бүгінде беттинг негізінен онлайн форматқа көшті. Сауалнама көрсеткендей, бәс тіккендердің 80 пайызға жуығы арнайы қосымшаны немесе букмекерлік кеңсе сайттарының мобильдік нұсқасын пайдалана отырып, мобильдік құрылғы арқылы жүзеге асырады.

Қасаң қағидадан құтылу

Сонымен отандық беттингке құмартушылар үшін спортқа бәс тігу нені білдіреді?
Бәс тігушінің орташа портреті көрсеткендей, бұл ермек ақша табудың тәсілі саналмайды. Рахат алу, драйв – басқа ештеңе емес.

Сауалға жауап бергендердің 73 пайызы беттинг оларға ерекше сезім сыйлайтынын айтады.
63 пайызы спорт жанкүйері екенін, бәс тіккеннен кейін ойынды тамашалау тіпті де қызық екенін жеткізді.

55 пайызы спорт жарысына бәс тіккенде болжамы дұрыс келсе, содан ләззат аламыз деп сендіреді.

54 пайызы ұтыс туралы айтқанда, беттинг казино немесе лотореядан жақсы дейді, өйткені мұндағы ұтыс тек өзіңе байланысты.

Сөйтіп сауалнама нәтижесі беттинг кесірінен өмірі құрып, азып-тозған маскүнем туралы «аңыздарды» жоққа шығарып отыр.

Сондықтан да бәрімізге, әсіресе, жоғары жақтағыларға қатып қалған қағидадан арылатын кез жеткен жоқ па?

Олжабек Байқуатов

02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды
02 шiлде, 14:07
Түркістан: Мүмкіндігі шектеулі 15 434 азаматтың құқықтары қорғалды
02 шiлде, 13:00
Түркістан қаласындағы балалар қауіпсіздігі – басты назарда
02 шiлде, 12:44
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптейтін байқаулар өтті
01 шiлде, 15:06
Түркістан: импорт азайып, экспортты ұлғайтуға мүмкіндік бар