Cалтанат Бақаева: Сырт көздің мен жайлы не айтатыны мазалайды

20 шiлде 2023, 9:40

Отандық әнші Салтанат Бақаева сырт көздің өзі жайлы не ойлайтыны көп алаңдататынын айтты. Өнер иесі отандық бағдарламада жан сырын ақтарды. Бағдарлама жүргізушісі әншіден «Әріптестеріңіз арасында сахнаға шықса да, фотосессия жасаса да, тойға шықса да ерекше образды, эксперимент жасауды жақсы көретіндер бар. Сізде тұрақтылық байқалады. Өзгеріс байқалмайды. Өз ұстанымыңыз ба? Неге эксперимент жасап көрмеске? Әлде сыннан қорқасыз ба?», — деп сұрады. Ал Салтанат Бақаева өзі жайлы сырт көздің не ойлайтыны көп алаңдататынын жасырмады. «Экспериментке ашықпын. Фотосессия кезінде эксперимент жасаймын. Ал сахнаға келгенде, маған болмайтын сияқты. Қысылмаймын. Мүмкін, сыннан қорқамын. Ойланып қарасам, сырт көздің мен жайлы не айтатыны, не ойлайтыны көп мазалайды екен. Бұл дұрыс па, дұрыс емес пе, білмеймін. Өз басым бұл дұрыс емес деп ойлаймын. Өзім қалай ойлаймын, сол дұрыс емес пе? Дегенмен, басқалар не ойлап қалады екен, басқалар не істейді екен деген сұрақтар мені көп ойландырады», — деді Салтанат Бақаева.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды