Руслан Ерданаев сот алдында жауап береді! Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының бұрыңғы төрағасына қатысты іс аяқталуға жақын. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
Жүздеген томнан тұратын атышулы іс бойынша бас-аяғы 6 адамның шатылып жатқанын айта кетейік. Барлығы айыптау қорытындысымен танысып, енді сот өтетін күнді күтіп отыр. Зейнетақы қорының бұрыңғы төрағасы Руслан Ерденаев бастаған қылмыстық топ биыл жыл басында қамауға алынған. Күдіктілердің қатарында төрағаның бұрыңғы орынбасары Дабыр Медетбеков, бұрыңғы басқарма басшысы Мұса Бахтов, «Бузгул Аурум» мен «АлатауМұнайАлтын» компанияларының экс-басшылары Азат Найзағарин мен Бақытжан Кенжебеков бар. Барлығы салымшылардың қордағы бақандай 5 миллиард теңгесін өзара бөлісіп, жартысы пара алды деп айыпталуда.