jasqazaq.kz

Бюджет ақшасын миллиондап ұрлаған шенеунік сотталды

25 қазан 2017, 22:54

Бюджеттің миллиондарын қалтасына басқан тағы бір шенеунік түрмеге аттанды! Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары алдағы 3 жыл 9 айын қамауда өткізбек. Ол ауылдардағы мәдениет нысандарын жөндеп, жаңадан спорт алаңдарын салуға бөлінген 38 миллион теңгені қалтасына басқан. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады. 

Негізі Қайырғали Назаровтың қарауында бюджеттің 100 миллион теңгесі болыпты. Бұл қаржы қазынадан ауылды көркейту үшін бөлінген. Яғни, саябақ пен спорт алаңдарын салып, ескі ғимараттарды жөндеуге беріліпті. Ал, мұғалжарлық шенеунік ол үшін қарамағындағы ауыл әкімдерін бір ғана компаниямен келісімге отыруға мәжбүрлеген. Сөйтіп, олар Назаровтың айтқанына амалсыз көніпті. Ал, шенеунікпен серіктес компания жоспардағы барлық жұмысты атқарғанымен, тым арзан материалдар пайдаланған. Жаңадан орнатқан турниктері мен қоршаулары да сапасыз. Есесіне құжатқа алған затының ақысын бірнеше есе қымбат көрсеткен. Осы қылмысы үшін атқамінер алдымен 5 жылға сотталды. Бірақ, артынша жазасы жеңілдеген. Рақымшылыққа ілініп, түрмеде 4 жылдай отыратын болды. Бұған қоса, барлық мүлкі тәркіленеді. Мұндай жаза пайданы бөліскен компания басшыларына да берілді.

Бүгін, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс