jasqazaq.kz

Бұрым – бойжеткеннің көркі

01 қыркүйек 2022, 12:04

Бәріне ортақ журналистика

Jas qazaq газеті мен Chevron компаниясының бірлескен жобасы

Жобаның мақсаты – ерекше жандарды журналистика жанрларын
меңгеріп, сауатты жазуға бейімдеу. Қазір журналистикаға құмар жандар
компьютерлік сауаттылық, мерзімді баспасөз және тележурналистика
бойынша дәріс алып, тәжірибесін шыңдап жатыр. Назарларыңызға курс
қатысушысы Ақниет Жүнісбекованың қазақ қыздарының тәрбиесіне
қатысты ой-толғамын ұсынамыз.

Қазақта қыз баланың ас әзірлеу, шай құю, тоқыма тоқу, ою-өрнек, төсек жинау тағы да сол сияқты үй шаруасына икемді болуына аса мән берген. Оның еңбексүйгіш, өнерлі әрі көрікті болып өсуіне анасы ерекше көңіл бөлген. «Аттың көркі – жалы, қыздың көркі – шашы» деп қыздың шашын күтіп өсіруді өнер санаған. Ол үшін оның шашын айранмен, қынамен жудырған. Шаштарын «қос бұрым» немесе «бестемше» етіп өру бойжеткен қыздың көркі болған. Қазақ халқы жырларында «Шашының ұзындығы ізін басқан», «Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», «Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты», «Қаз омырау кеудеге, құлап түссе қос бұрым» деп қыздарының шаштарын керемет суреттеген.

Қазақ қызын еркін ұстаған, бірақ тым еркінсітпеген. Ата-ана қызынан ешнәрсені аямай, оның мұқтажсыз, бұла өсуін қадағалайды. Өйткені қызға бергенді қызыр өтейді деп біледі. Сонымен бірге қазекең қызды бетімен де жібермейді. «Қызды қымтап ұстаған ұялмайды» дей отырып, оларды қанаттыға қақтырмай,тұмсықтыға шоқтырмай өсіруды парыз санайды.

Олардың ар ұятының сақшысы бәріне жауапты екенін ешуақытта ұмытпаған. Содан да болар, «қыз бен жылқы жаудыкі» деп қыз тәрбиесіне мейілінше сақ қараған.

Ақниет Жүнісбекова

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті