Отандық шоу-бизнестегі ең жарасымды жұп саналатын Бүркіт пен Аиша үшінші рет балалы болуға дайындалып жатыр. Екі ұл тәрбиелеп отырған жұлдызды жұп сүйінші хабарды көпшіліктің алдында жария етті.
Бұл туралы Бүркіт “Қазақстан” Ұлттық арнасының “Таңшолпан бағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz.
“Адам баласы негізі жоспарлауға қорқу керек. Өйткені Алланың қолында барлығы. Егер мысалыға, бес -алты бала болсын десең, мен ешқашан қарсы болмаймын. Ал егер Аиша: “Бізде тек қана екі бала болсыншы”, – десе, мен әрине қарсы боламын. Құдай қаласа, тәуекел деп үшіншісін күтіп отырмыз. Айттым енді, кешірші!” – деп Аишаға бұрылды Бүркіт.
Желідегілер: “Екі ұлдан кейін қызды болыңыздар”, – деп Бүркіт пен Аишаға ақ тілектерін жаудырды.