Құбырды алды, диқан сусыз қалды

17 қазан 2016, 22:30

kkkkk

Еккен дақылдары жаз бойы шегірткеге жем болған оңтүстік диқандары енді судан да қағылғалы тұр. Сарыағаш ауданында 60-тан астам шаруаның жеріне тіршілік нәрін жеткізетін құбырды жеке кәсіпкер меншіктеп алмақ. 120 гектар алқапты суаратын 4 жарым шақырымдық құбыр кезінде мемлекет есебінен салынған екен. Алайда былтырдан бастап оның иесі пайда болыпты.

Қауын-қарбыз егіп, маусымдық жұмыстан ғана нан айырып отырған мына жұртта жарты жылдан бері маза жоқ. 90-шы жылдары ұжымшар тараған соң диқаншылыққа бет бұрған олар тақыр далаға егін салуды үйренген. Сырдария өзенінен шалғай отырған диқандар әуелі өздері бірігіп арық қазып, қаржысы таусылған соң мемлекеттің көмегімен құбыр салдырған. Енді 13 жылдан бері пайдаланып келе жатқан су құбырын бір кәсіпкер иеленіп алыпты.

Оразбай Есенбеков, диқан:

-Бұл құбыр болмаса ештеңенің керегі жоқ қой. Бұл жерден көшуге тура келеді. Бір тамшы су жоқ бұл жерде ағып жатқан. Дариямыз анау 18 шақырымда. Ауыз судың өзін мәселен 2-2,5 мың беріп құйдыртасың. Тал егіп, бірдеңеге құймақ түгілі. Ал, мына құбыр дегеніңіз қаншама халықтың әжетіне жарап тұр ғой.

Махамбет Қасымбеков, диқан:

-Енді мынау Жүсіпбек Әшірбеков деген қ 200 шақырым құбырды сатып жіберіп, Шымкентке көшіп кеткеніне 5-6 жыл болған. Енді келіп, жала жауып, соттасып бізден тартып алмақшы. Егер тартып алатын болса мына халықтың бәрі аш қалайын деп тұр ғой.

Ал кәсіпкердің айтуынша, құбырды 70-шы жылдары Өзбекстан салыпты. Кейін оны өзі жекешелендіріп, диқандарға уақытша қолдануға бердім дейді. Бірақ оны растайтын құжаты жоқ . Соған қарамастан, егіншілермен екі мәрте соттасып, жеңіп шыққан.

Жүсіпбек Әшірбеков, шаруа қожалығының төрағасы:

-Құбыр менікі. 4 жарым километр 325 диаметрлік құбыр менікі. Менен алған. Куәләрім бар. Құжаттарымның ішінде барлығы бар, көрсетілген. Сотта осының бәрі дәлелденген. Облыстық сотта да дәлелденген. Сөйтіп, қаулыны шығарып беріп, сот орындаушыларының құзырына берілген.

Мемлекет есебінен салынған дүниені жекеменшікке қалай өтіп кеткенін шенеуніктер де түсінбейді. Соттың қай дәйекке сүйеніп шешім шығарғанына таң қалған олар «Үштөбе» құбыры ауданның меншігі деп отыр.

Оспан Үкібаев, «Су шаруашылығы» МКК заңгері:

-Үштөбе су құбыры 2003 жылы тапсырыс беруші облыстық ауыл шаруашылығы болған. 10 миллион теңге бөлінген. Облыс бюджетінен салынған. 10 миллионға 4.5 метр құбыр әперіп, сол жердегі 250 гектар суармалы жерді суландыру үшін салынды.

Диқандар да, шенеуніктер де сотқа қайта шағым түсіру керек деп отыр. Абдыраған егіншілер тіпті келесі жылға егістік салуға қорқып отырғандарын айтады. Өйткені құжатсыз-ақ құбырды иемденген кәсіпкер жаңа жылдан қалмай өзіне тиесілі дүниені бұзып әкетпекші.

ktk.kz

17 шiлде, 19:00
Ұлы мұрат - тәуелсіздік
16 шiлде, 11:51
Құнанбай Мұсаев: Соттың бар шаруасы жаппай айдатып, қамай беру емес
15 шiлде, 14:02
«Ұстанған діндеріміз, жолдарымыз бір-бірімізге дұшпан етпеуі керек».
12 шiлде, 12:18
Жанар Қалабаева: Медиациялық мәмілені жүзеге асырғанда екі тараптың да құқығы шектелмеуі керек  
11 шiлде, 15:51
Түркістан: Сауран ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүріп жатыр
10 шiлде, 13:25
Түркістан: Жедел-профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр
10 шiлде, 13:21
Түркістан: Тәртіп сақшылары қауіпсіз қоғам қалыптастыру жолында
09 шiлде, 15:12
Түркістан: Полиция заң мен тәртіпті бұзғандарды құрықтайды
09 шiлде, 12:20
Түркістан: Тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілуде