jasqazaq.kz

Бүгін «Астана» «Маккабиді» қабылдайды (видео)

19 қазан 2017, 18:50

Бүгін Еуропа лигасының топтық кезеңінде үшінші тур ойындары өтеді. «Астана» футболшылары Израильдің «Маккабиімен» алаңға шығады. Елордалық команданың еншісінде бір ұпай бар. Тель-Авив футболшылары да жалғыз ұпаймен турнир кетесінің төменгі сатысында тұр. Бұл туралы Хабар 24 хабарлайды.

Бүгінгі ойында плей-оффтан үмітті команда анықталады. «Маккабиді» атақты Йохан Кройфтың ұлы Йорди жаттықтырады. Кіші Кройф кешегі баспасөз мәслихатында екі команданың деңгейі бірдей екенін тілге тиек етіп, «Астананың» өз алаңында жақсы ойнайтынын атап өтті. Станимир Стойлов та израильдік ұжымға құрметпен қарайтынын жеткізді. «Алайда топтық кезеңнен шығу үшін бүгінгі кездесуде жеңіске жетуге ұмтыламыз», – деді. «Астана-Аренадағы» матч сағат кешкі 21:00-де басталады. Станимир Стойлов, «Астана» футбол клубының бас бапкері: — Бір-бірімен деңгейлес футболшылардың саны бізде шектеулі. Сондықтан басымдықты санға емес, сапаға беріп отырмыз. Бұл матчта фаворит болмайды. Қай ұжымның ұмтылысы ілгері болса, сол команда жеңіске бір табан жақындай түседі. Турнирдегі кестеге қарайламай, нәтижелі ойын көрсетуіміз керек. Шәкірттерім жауапкершілікті түсініп, қазақстандық жанкүйерлердің үмітін ақтайды деген ойдамын. Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгіл

26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс